ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН АЛҚА МӘЖІЛІСІНДЕ БАЛАЛАР ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА БАЙЛАНЫСТЫ СЕКЦИЯЛЫҚ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН АЛҚА МӘЖІЛІСІНДЕ БАЛАЛАР ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА БАЙЛАНЫСТЫ СЕКЦИЯЛЫҚ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    2020 жылы 31 қаңтарда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті республикада балалардың құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы басымдылықтарды әзірлеу мәселелерін талқылау мақсатында «Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясат: басымдықтары, ағымдағы жағдайы және болашағы» тақырыбында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінің секциялық отырысын ұйымдастырды.

    Отырыс барысына Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл Эльвира Азимова, балалар ұйымдарының көшбасшылары, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің басшылары, қорғаншылық және қамқоршылық бөлімдерінің мамандары, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының басшылары, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі қалалық комиссияларының хатшылары, балалар үйлерінің қамқоршылық кеңесінің төрағалары, халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың, ата-аналар қауымдастығы мен БАҚ өкілдері қатысты.

    Отырыс шеңберінде Балалардың құқықтарын қорғау және отбасыларды қолдау бойынша қызметтерді дамыту, жасөспірімдер қылмысының алдын алу, балаларды қорғау үшін институционалдық және заңнамалық негіздерді нығайту мәселелері туралы баяндамалар тыңдалды. Балалардың қолайлы жағдайы деңгейін анықтаудың жаңа механизмі – Балалардың әл-ауқаты индексі ұсынылды.

    Осы орайда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл Эльвира Әбілқасымқызы Ұлттық превентивті механизм (ҰПМ) қызметімен жіті таныстыра келе, оның қоғамдағы атқарар рөлін, функциясы мен құзіретін көпшілікке түсіндіріп өтті.

    «Ұлттық алдын алу тетігінің мәнін бір сөзбен шегелесек, азаматтарды түзету немесе шектеу орындарында азаптауларды болдырмау үшін қоғамдық бақылауды күшейту», - деді Уәкіл өз сөзінде.

    Отырыс қорытындылары бойынша ұсыныстар жасалды.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.