"Қансонарда бүркітші шығады аңға" атты Республикалық бүркітшілер сайысы

    "Қансонарда бүркітші шығады аңға" атты Республикалық бүркітшілер сайысы

    Бүгін ауданымызда Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойының ашылуына орай "Қансонарда бүркітші шығады аңға" атты Республикалық бүркітшілер сайысы басталды. Жарыс екі күнге созылады, жеңімпаздар ертең анықталады.Сайысқа 13 облыстан жиыны 50 бүркітші келіп, қатысуда.


    Бүркітші, саятшылар ата-бабамыздың салт-дәстүрін насихаттап, киелі қыран құсымыздың өнерімен аудан жұртшылығын тәнті етуде. "Еріктілер жылына" орай жасақталған ауданның жас еріктілері ыстық шәй мен бауырсақ ұсынып, жылы көңіл сыйлауда. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласы аясында бабаларымыздан бүгінгі күнге дейін жеткен мол мұрамыз - құсбегілік, аңшылық, саятшылық мәдениетін жас ұрпаққа насихаттау жолында жүрген бүркітшілерге сәттілік тілейміз!

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.