
Азаматтардың баспанаға сұранысын қанағаттандыру үшін 2019 жылы Форт-Шевченко қаласынан 48 пәтерлік 1 тұрғын үй, 16 пәтерлік 1 тұрғын үй және 8 пәтерлік 2 тұрғын үйдің құрылыстары басталды. Биыл тапсырылатын болады.
«Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында азаматтарға 52 жолдама берілген, оның 25-і екінші деңгейлі банктердің қолдауын тапты, қазір 23 отбасы баспаналы болды. Қалғандары да өздеріне қажетті тұрғын үйлерін іздестіруде.
Тұрғын үй құрылысы алда да жалғасады. 2020 жылдың жоспарында Форт-Шевченко қаласынан 3 қабатты жалдамалы төрт үй салу тұр. Тұрғындардың Ақшұқыр, Сайын, Таушық, Қызылөзен ауылдарынан үй салу сұрағын зерттейміз.
Түпқараған ауданының әкімі А. Қосуақовтың ауданның 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен 2020 жылға міндеттері туралы есептік баяндамасынан



