
Өңір басшысы ауданның қоғам белсенділерімен кездесті
Түпқараған ауданының әкімі А.Қосуақовтың есептік кездесуінен кейін өңір басшысы Серікбай Өтелгенұлы ауданның бірқатар белсенді азаматтары және қоғам белсенділерімен кездесті. Еркін форматта өткен кездесуде қоғам белсенділері аудандағы шешілуі тиіс өзекті мәселелер туралы ашық пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын жолдады. Қоғам белсендісі, блогер Уайс Ерсайынұлы өңір басшысымен кездесуде Форт-Шевченко атауын ауыстыру және ау дан орталығына Ақкетік атауын беру жөнінде және Сайын Шапағатов, Ақшұқыр ауылдарының теңіз жағалауы аумағында туризмді дамыту бағытында жобаларды іске асыру жөнінде ұсыныстар тастаса, ардагер ұстаз Гүлсім Рамашева Баутин ауылында орналасқан өндірістік кәсіпорындардың ауылдың әлеуметік инфрақұрылымын назардан тыс қалып отырғандығын айтып, облыс басшысынан ықпал етуін сұрады. Ал, қызылөзендік белсенді Назар Түйешиев ауылдың дамуына ықпал етіп, жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған тың ұсыныстарын жолдады. Күрең Медеуова ауылдың жағажай аумағында тұрған әлеуметтік нысанды сенімгерлік басқару арқылы алу жайында сөз қозғады. Өңір басшысы Серікбай Өтелгенұлы айтылған барлық мәселенің өзекті әрі орынды екендігін айта келе, бақылауға алынатындығын айтып, жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалардың берілетінідгін, кей сұрақтардың қосымша пысықтауды қажет ететіндігін айтты.
Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі










