
Шардара ауданы көлемінде орналасқан ойын-сауық орталықтары және тағы да басқа адам көп шоғырланатын орындарға білім беру бөлімдерінің қызметкерлерімен бірлесіп барып, тиісті жұмыстарды жүргізді.
Іс-шара аясында Шардара ауданында орналасқан 10-ға жуық мейрамхана және ойынханалар, ойын-сауық орталықтары тексерілді. Түнгі сағат 23:00-ден кейін ата-анасының қарауынсыз жүргені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабымен 12 хаттама толтырылды. Осылайша, полицейлер тарапынан іске асырылған тексеру жұмыстарында біршама олқылықтар анықталып, мұндай жағдайлардың қайталанбауы жасөспірімдерге, түрлі ойын-сауық орталықтарының иелеріне яғни жеке кәсіпкерлерге ескертіліп, түсіндірілді. Сонымен қатар, ювеналды полиция инспекторлары жастар және олардың ата-аналарымен профилактикалық әңгімелесулер өткізіліп, тиісті кеңестер беріліп, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының ережелерін түсіндірді.
ТО ПД-нің баспасөз қызметі



