
2019 жылғы 16-18 желтоқсан аралығында Женевада 2000-ға жуық ресми делегациялардың, халықаралық институттардың және ұйымдардың, жеке және үкіметтік емес секторлардың өкілдерінің, сондай-ақ босқындардың қатысуымен бірінші Босқындар бойынша глобалдық форумы өтті.
Форумның мақсаты – босқындарға және оларды қабылдаған елдерге көмек көрсету үшін жаңа тәсілдемелерді және ұзақ мерзімді міндеттемелерді пысықтауы болып табылды.
Ашылу рәсіміне БҰҰ Бас хатшысы А.Гуттериш, Түркия Президенті Р.Эрдоган, Пакистан Премьер-Министрі И.Хан, Швейцария И.Кассис және Германия Х.Маас Сыртқы істер министрілері қатысты.
А.Гуттериш 70 миллион адам өздерінің үйлерін тастап кетуге мәжбүр етілген, олардың ішінде 25 миллион босқындар бар екенін айтты. Қазір бұрынғыдан да көп бізге ынтымақтастық және практикалық, нәтижелі шаралар керектігін атап өтті.
Сөз сөйлеудің барысында Қазақстан Республикасының Женева қаласындағы БҰҰ бөлімшесі және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі Жанар Айтжанова босқындарды қорғау және халықаралық көші-қон бойынша Алматы үдерісінің шеңберінде Орта Азиялық мемлекеттерінің нәтижелі ынтымақтастықты, Алматы қаласында БҰҰ өңірлік хабты ашылуы, сондай-ақ босқындарға жағдайларын жасау бойынша Қазақстан Үкіметімен қабылданған шараларын атап өтті.
Жеке басын күәландыратын құжаттарсыз аналардың балаларға тіркеуді және куәліктерді беру туралы а.ж. қазанда алған мідеттін орандауына ерекше көңіл аударды.
Қорытындысында Жанар Айтжанова Қазақстанда тұратын босқындарға ХААҰ стандарттар бойынша машинамен оқуға болатын құжаттармен қамтамасыз етуі туралы мемлекеттің міндеттін дыбыстады.


