
Қысы қытымыр, аязды, ақтүтек бораны жиі соғатын Науырзым ауданыныңда биыл қар қалың түсті. Жергілікті атқарушы органдардың тарапынан да қар тазалау ісі оңтайланып , өз легіне қойылған.
Сонда да айта кететін жағдай, ағымдағы жылдың 22-ші қаңтар күні Жастар Ресурстық орталығының белсенді еріктілерінің бастауымен, ҰОС-ның 75 жылдығына орай, "Таза болса табиғат-аман болар Адамзат" атты акция өткен болатын. Акцияның аты айтып тұрғандай жас еріктілер "Олар жеңіспен оралды" ескерткішінің айналасын қардан тазартқан болатын. Дәл осындай ауданымызды гүлдендіруге арналған акциялар, әрі қарай да жалғаса беретініне сенімдіміз.



Жастар ресурстық орталығы



