Жаңақорған аудандық прокуратурасымен қадағалау аумағында орналасқан №28 «Алпамыс» санаториялық балабақшасының тәрбиешісі К.Шалабаеваның еңбек туралы заңнамалардың өз дәрежесінде орындалмай жатқандығы жөнінде жазған арызына сәйкес, аталған санаториялық балабақшада еңбек туралы заңнамалардың қолданылуына тексеру жүргізіліп, нәтижесімен төмендегі заң бұзушылықтар анықталды.
Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 23-бабының 2-тармағының 2) тармақшасында жұмыс беруші – жұмысқа қабылдаған кезде осы Кодексте белгіленген тәртіппен және жағдайларда қызметкерлермен еңбек шарттарын жасасуға міндетті делінген.
Алайда, №28 «Алпамыс» санаториялық балабақшаның меңгерушісі, яғни жұмыс берушінің аталған балабақшаның тәрбиешісі азаматша К.Шалабаевамен еңбек шарты жасалмаған.
Сонымен қатар, жұмыс берушімен 2011 – 2012 жылдың жұмыс кестесі таңғы сағат 7 – 00 ден – 22-00 ге дейін деп бекітілсе, 2012-2013 жылдың (12.09.2012 жылы №1 хаттамамен рәсімделген) жұмыс кестесі таңғы сағат 6-00 ден – 22-00 ге дейін деп жұмыс уақыты өзгерітіліп бекітілген.
Кодекстің 48-бабының 2-тармағында егер еңбек шарты мен ұжымдық шартта ескертудің анағұрлым ұзақ мерзімі көзделмесе, жұмыс беруші қызметкерге және (немесе) оның өкілдеріне еңбек жағдайларының осы баптың 1-тармағында көрсетілген себептер бойынша орын алған өзгеруі туралы бір айдан кешіктірмей жазбаша түрде ескертуге тиіс делінген.
Алайда, жұмыс берушімен азаматша К.Шалабаевамен еңбек жағдайларының өзгеруі туралы бір айдан бері хабарлама берілмеген.
Осыған байланысты, Қызылорда облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау Департаментіне Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзған №28 «Алпамыс» санаториялық балабақшасының кінәлі қызметкерін Кодекстің 87-бабының тиісті бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныс енгізіліп, нәтижесінде кінәлі қызметкердің әкімшілік жауапкершігі шешілді.
Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі



