Незаконная проверка

    Незаконная проверка

    Атырау қаласының прокуратурасымен жеке кәсіпкер К.Нурбердиеваның Атырау ҚІІБ-ның қызметкерінің заңсыз әрекетіне жазған арызы негізінде тексеру жүргізілді.

    Тексеру қорытындысымен ҚІІБ-ның ювеналдық полиция инспекторымен 19 наурыз 2014 жылы жеке кәсіпкерлік субъектісінің қызметінде заңсыз тексеру жүргізілгені анықталды.

    Ювеналдық полиция инспекторының заңсыз әрекеті - қандай да бір рұқсат құжаттарынсыз, қызметтік куәлігін көрсетпей тексеру жүргізумен және салық органдарының құзыретіндегі кәсіпкерлік субъектісінен фиксальдық чекті алып қоюмен байланысты орын алған.

    Сонымен қатар, Атырау ҚІІБ-мен тексеру қорытындысымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 321-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалған (өкiмет өкiлiне қатысты күш қолдану).

    Тексеру және қылмыстық істі зерделеу нәтижесінде Атырау ҚІІБ-мен қозғалған қылмыстық істі заңсыз қозғағаны бойынша өндірістен қысқарту жөнінде нұсқама беріліп, қылмыс құрамының жоқ болуына байланысты, 05.06.2014 жылы аталған қылмыстық іс қысқартылды.

    Бұдан басқа, облыстық ІІД-не енгізілген заңдылықтық бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстың қаралуымен ҚІІБ-ның ювеналдық полиция инспекторы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

    Сөйтіп, прокуратураның араласуының салдарынан жеке кәсіпкерлік субъектісінің құқығы қорғалған.

    Атырау қалалық прокуратурасы

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.