Қала көшелерінің тазалығы- басты назарда

    Қала көшелерінің тазалығы- басты назарда

    Қала көшелерінің тазалығы- басты назарда

    Бүгін Түпқараған ауданы әкімдігінің ғимаратында аудан әкімі мен қала тұрғындарының қатысуымен Форт-Шевченко қаласы аумағында қараушысыз бос жүрген жануарларды уақытша ұстау шарасы жөнінде жиын өтті. Жиында Түпқараған аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы Д.Өтебалиев қала көшелерінде қараушысыз жүретін жануарларды қамау шарасы бойынша баяндама жасады. Жануарлардың көше бойында жүруі қала тұрғындарының емін-еркін қозғалысы мен қала тазалығына кері әсерін тигізіп отырғандығын айтқан бөлім басшысы 2020 жылдың басынан бастап 6 бас түйе және 12 ешкі малдары арнайы тұраққа қамалып, 7 хаттама толтырылғанын айтты. Түпқараған аудандық полиция бөлімінің басшысы Ғабиден Тәңірбергенов аталған жайттың әкімшілік құқық бұзушылық екендігін баса ескертті. Жиын барысында қала тұрғындары аудан басшысымен қараушысыз бос жүрген жануарларға тыйым салу мәселесі бойынша пікірлесіп, ортақ мәмілеге келді. Аудан басшысы бұл тараптағы жұмыстарды жетілдіру мен ақпараттандыру әлі де жалғасын табатындығын айтты.

    Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.