«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды

    «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды

    C-4 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

    мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

    жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

    1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

    2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

    3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

    4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

    5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

    6) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

    7) ғылыми дәрежесінің болуы.

    - «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрагасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелінген бұйрығына сәйкес.

    Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:

    Санат

    Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

    min

    max

    C-4

    138214

    186556

    Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталық, 010000Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғ., 8-ғим., Министрліктер үйі, 15-кіреберіс, 614-каб., анықтама телефоны: +77172740561, факс: +77172740548, e-mail: [email protected] «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

    1. Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталықтың сараптамалық жұмыс жөніндегі басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік) (21.10.2022 жылға дейін негізгі қызметкердің баласы үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыс мерзім кезеңіне)

    Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Президентіне Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің өз қызметі туралы жыл сайынғы ұсынатын есебінің жобасын, мамандандырылған есептерді, адам құқықтары мен бостандықтарының жағдайы бойынша баяндамаларды дайындау.

    Адам құқықтары мен бостандықтары саласындағы республикалық заңнаманы талдауды жүргізу.

    Қазақстан Республикасының заңнамасын халықаралық құқық нормалары мен қағидаттарына сәйкес келтіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу, Қазақстан Республикасының адам құқықтары мен бостандықтары туралы қозғалатын заң жобалары бойынша сараптамалық қорытынды дайындау.

    Азаматтардың лауазымды тұлғалар мен ұйымдардың олардың құқықтары мен бостандықтарын бұзатын шешімдері мен іс-әрекеттеріне шағымданған өтініштерін қарау.

    Қазақстанда адам құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу үшін түбегейлі әдіс-тәсілдердің жобаларын әзірлеу.

    Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің адам құқықтары мен бостандықтарын бұзу мәселелері бойынша үндеулерінің, ресми хабарламаларының, ұсынымдарының, шағымдарының жобаларын дайындауды жүзеге асыру.

    Адам құқықтарын қорғау саласында қызметтік, ақпараттық және талдамалық материалдарды дайындау.

    Сараптамалық бөлімнің өз құзыреті шегінде Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің ресми сайтында материалдарды жариялау үшін дайындау.

    Ғылыми-тәжірибелік конференциялары мен семинарларды ұйымдастыру.

    Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге келісуге келіп түсетін нормативтік құқықтық актілер жобаларын қарау.

    Адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау саласындағы ахуалды мониторингілеу және оперативті талдау.

    Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл қызметінің басым бағыттарының бірі – әйелдердің құқықтарын қорғау бойынша шаралар кешенін жүзеге асыру үшін дербес жауапкершілік.

    Азаматтарды қабылдауды жүзеге асыру.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: Құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау органдары)

    Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

    Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

    Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

    Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

    Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

    Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

    Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

    Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

    «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Агенттігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы) 53-тармағына сәйкес әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

    Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

    1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі);

    2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

    Құжаттарды қабылдау мерзімі - 3 ЖҰМЫС КҮНІ, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.