
Бүгін Тіл сарайында Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы «Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті» қызметкерлерімен бірлесе отырып «Жаңа әліпби негізіндегі қазақ жазуы: өзгешеліктер мен ерекшеліктер» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Дөңгелек үстел барысында облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының бөлім басшысы З. Қожакеева жазудың ұлттық бірегейлікті, бұқаралық сананы қалыптастырудағы қызметі мен маңызы, жаңа емленің негізгі нормаларына кеңірек тоқталды.
Жиын соңында департамент қызметкерлері латыннегізді жаңа әліпбиге қатысты көкейтесті сұрақтарын қойып, нақты жауапқа қанықты. Облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының қызметкерлеріне алғыс білдірді.



