Салтанатты сәтті күн

    Салтанатты сәтті күн

    Бүгін Жамбыл және Талғар аудандарында Алматы облысының "Тіл" оқу-әдістемелік орталығының аудандық филиалдарының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

    Салтанатты жиында Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А.Башбаев:

    - Бүгінгі таңда баршамыздың алдымызда латыннегізді әліпбиге кезең-кезеңмен көшіруді жүзеге асыру, әліпбидің емле ережелерін ересек тұрғындарға үйрету, машықтандыру сияқты үлкен міндеттер тұр. Осы орайда, облыс көлемінде ересектерге тілдерді үйренуге, латыннегізді әліпбидің емле ережелерін меңгеруде Тіл оқыту орталықтарының маңызды. Биыл Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлынның қолдауымен барлық аудан, қалаларда тіл оқыту орталықтарын ашу мүмкіндігіне ие болдық. Орталықтарда жұмыс істейтін әдіскерлер мен оқытушылар Нұр-Сұлтан қаласында өткен оқыту курстарында білімдерін жетілдіріп тренерлік сертификатқа ие болуда. Алматы облысы ересектерге латыннегізді әліпбиді үйретуге сақадай-сай болуды көздеп отыр - деді.

    Бұған дейін Алматы облысының аудан, қалаларында 10 тіл оқыту орталығы жұмыс істеп келген болатын. Биыл тағы 10 ауданда орталықтар ашылып, олардың материалдық-техникалық базасы толық жабдықталды.
    Еліміздің рухани өміріндегі үлкен қадам - латыннегізді әліпбиді ересектерге үйретуде мұндай Тіл оқыту орталықтарының маңызы зор. Осы орайда, Алматы облысы көш басында тұр.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.