Онлайн сабақ өтуде

    Онлайн сабақ өтуде

    Тілдерді ересек аудиторяларға жан-жақты меңгерту мақсатында сайтымызда күн сайын, дүйсенбіден жұмаға дейінгі аралықта онлайн көрсетілім арқылы сабақ өтуде.

    Сабақты Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының оқытушылары жүргізеді. Қазақ тілін, ағылшын тілін немесе латыннегізді жаңа әліпби мен жаңа жазудың емле ережелерін үйренгісі келетіндер үшін, тікелей эфирде өтетін барлық сабақтар басқарманың ресми сайтында сақталады. Ғаламтордан сабақтарды кез-келген жерде, көруге мүмкіндік бар.

    Сабақты көру үшін сайттың бірінші бетінде тұрған «Онлайн көрсетілім» деген жазуды басып, келесі бетке өту арқылы «Тікелей эфирді көру үшін осы сілтемені басыңыз» деген жазуды көруге болады. Тікелей эфир өтіп кеткен жағдайда, онлайн көрсетілімді екі рет басса, сақталған барлық сабақтар шығады.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.