Павлодар облысының әкімі Sport City спорт қалашығын аралады

    Павлодар облысының әкімі Sport City спорт қалашығын аралады

    Әбілқайыр Сқақов мұз айдыны, жеңіл атлетика манежі және олимпиадалық резервтің дайындық орталығының құрылысы жүріп жатқан алаңдарды аралап көрді.

    «ТОИР» ЖШС мердігерлік компаниясының өкілдері мұз айдынды осы жазда қолданысқа беруді жоспарлап отыр. Жеңіл атлетика манежі мен олимпиадалық резервтің дайындық орталығының қ ұрылысын «ТаразҚұрылысИнвест» және «ГСУ Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері жүргізіп жатыр. Мердігер ұйымдар нысанның екеуін де 2021 жылдың соңына қарай іске қосуға уәде берді.

    Әбілқайыр Сқақов қол жетімді жабдықтар сатып алу арқылы жүзеге асырылып жатқан жобалардың құнын төмендету мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. Сонымен бірге, аймақ басшысы бұл қадам жабдықталудың сапасына әсер етпеу керектігін ескертті. Сондай-ақ, ол жаңа спорт мекемелерінің кадрлық құрам мәселелерімен айналысып, өңір тұрғындарының нысандарға жету логистикасын ойластыруды тапсырды.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.