
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 өкіміне сәйкес Қазақстанда жыл сайын «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсы өткізіледі.
Конкурсты дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті 2020жылғы «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсын жариялайды.
Конкурс 3 кезеңде өтеді: бірінші кезең – аудандық, екінші кезең – облыстық, үшінші кезең – ұлттық.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер тиісті құжаттар қоса тіркелген арнайы нысан бойынша аудандық комиссияларға 2020 жылғы сәуірдің 1-нен 30-на дейін беріледі.
Толық ақпаратты Науырзым ауданының ішкі саясат бөлімінен білуге болады.
Ішкі саясат бөлімі



