
Бүгін аудандық Жастар орталығының ғимаратында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында Абай ауданының мемлекеттік қызметшілері арасында "Ұлы Абайды жатқа біл" атты аудандық сайыс өтті. Іс шараның басты мақсаты Ұлы Абай шығармаларын мемлекеттік қызметкерлер арасында насихаттау. Сайысқа қорытындысы бойынша I орынды: Мәдениет және тілдер бөлімінің бас маманы - Әсет Қайроллаев, II орынды: Көкбай ауылы - Ұлпан Советова, III орынды: Кеңгірбай би - ауылы Саржан Жарасбаев, III орынды: Құндызды ауылдық округінің әкімі - Думан Ысқақов иеленді. Жеңіске жеткен қызметкерлерге мадақтама мен сыйлықтар табысталды.


