
Биылғы жылдың 1-ші тоқсанында экономикалық белсенділіктің оң қарқыны сақталуда. Оған төмендегі сандар дәлел:
Жалпы ішкі өнім 3,8%-ке өсті;
Жылдық инфляция 4,8%-т деңгейге дейін төмендеді;
Негізгі капиталға салынған инвестициялар 7%-ке өсті;
Еңбек нарығында жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ке дейін төмендеді.
Өнеркәсіп өндірісі 3,2%-ке өсті.
Химия өнеркәсібі, құрылыс материалдарын өндіру, машина жасау өнеркәсібі 10%-ке артты. Автокөлік шығару 33%-ке өсті.
Құрылыс жұмыстарың көлемі 8,9%-ке және транспорт – 4,4%-ке өсті.
Ауыл шаруашылығының өсуі 3,6%-ті құрады.
Сыртқы сауда айналымы 2 айда 7,5%-ке өсті, соның ішінде экспорт – 11,1%-ке, ал импорт – 0,3%-ке өсті.
Ішкі сауда көлемі 7,2%-ке ұлғайды.
Ағымдағы жылдың 2 айында екінші деңгейдегі банктердің жаңадан берілген несиелерінің көлемі 1,9 трлн. теңгені құрады. Бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11%-ке көп.
Еңбек нарығындағы жұмыссыздық деңгейі 4,8% -ға төмендеді.
Ағымдағы жылдың қаңтар-ақпанындағы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы ақшалай табыстары нақты көріністе
2018 жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда 9,4% -ға өсті.



