
2019 жылғы 26-28 тамыз аралығында Орал қ. прокуратурасы және Құқық қорғау қызметтері орталығымен «Nur Otan» партиясының филиалында «Ашық есік күндері» акциясы өткізілді.
Прокурорлар барлығы 65 азаматты қабылдады. Олар азаматтық және әкімшілік заңнама (12), әлеуметтік–экономикалық (41), қылмыстық процесс (2) және басқа салалар бойынша (10) жүгінді.
Прокуратураның қызметкерлері К.Капезов пен Т.Жилкибаев жолыққандарға білікті құқықтық көмек көрсетті.
Мысалы, алаяққа алданған жәбірленушілердің өкілдері Е. және К. есімді тұрғындарға ҚПК-нің 179-бабы тәртібінде (сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуы) арыз жазуға көмек көрсетіліп, полицияға жүгіну тәртібі түсінідірілді.
Сот қаулысымен келіспеу мәселесі бойынша Б. есімді азаматқа ҚПК-нің 414, 418-баптары бойынша 15 тәулікте апелляциялық шағым беруге болатыны айтылды.
Білім беру басқармасын жұмылдыру арқылы «Мектепке жол» акциясы шеңберінде Д. есімді ата-ананың баласына құрал-жабдықтар алу қарастырылды.
Акция барысында келушілер қызметкерлерге ашықтық пен қолжетімділік үшін алғыстарын білдірді.
Айтып өтейік, прокурорлар қызмет барысында азаматтардың құқығын қорғау, оларға көмектесу және туындаған мәселелер бойынша құқықтық шешім табу үшін барлық шараларды қабылдайды.



