Қазалыда 50 адамға арналған оқшаулау орны ашылды

    Қазалыда 50 адамға арналған оқшаулау орны ашылды

    Қазалы ауданаралық ауруханасының ІІ ғимаратында 50 төсек орындық обсервациялық стационарлар ашылды.

    Мұнда Қазалы ауданында коронавирус инфекциясы анықталған жағдайда науқастармен қарым-қатынаста болғандарды бақылауда ұстап, аймағымыздың тұрғындарына бағытталған сақтық шаралары жүргізіледі.

    Ғимараттың 1, 2 қабаты жылы сумен «Аристон» арқылы қамтамасыз етілген, 3 қабаттағы оқшаулау бөлмелеріне су жылытқыштар орнатылуда.

    Бөлімшеге табиғи және жасанды желдету жүргізіледі. Палаталарда температуралық режим сақталған. Оқшаулау орны жастық, төсек жаймаларымен, залалсыздандыру құралдарымен толық қамтылған.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.