Қазалыда әлеуметтік нысандарға дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде

    Қазалыда әлеуметтік нысандарға дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде

    Бүгін Қазалы ауданындағы әлеуметтік нысандарға профилактикалық дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Бұл – Қытайдан таралған коронавирустық инфекция бойынша қалыптасқан қолайсыз жағдайға байланысты ұйымдастырылған шара.

    Түскі үзіліс кезінде арнайы мамандар халыққа қызмет көрсету орталығын дезинфекциялады. Мамандар сол арқылы тұрғындар көп жиналатын жерлерде аурудың таралуының алдын алуды мақсат етіп отыр.

    Инфекциялық аурулардың таралмауын көздеген шара мұнан әрі Қ.Пірімов көшесіндегі спорт кешенінде, Жанқожа батыр және Қожаназар ишан мешітінде жалғасты. Мамандар арнайы

    Сондай-ақ, бүгін кешке дейін мамандар Біржан сал көшесіндегі жатақхана, «Жалаңтөс баһадүр» атындағы орталық стадион, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің ғимараттарына да дезинфекцияла жұмыстары жүргізіледі.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.