Төтенше жағдай кезеңінде қызметтер онлайн ұсынылады

    Төтенше жағдай кезеңінде қызметтер онлайн ұсынылады

    ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы аумағында төтенше жағдайдың енгізілуіне және халыққа қызмет көрсету орталықтарының уақытша жабылуына байланысты төтенше жағдайдың кезеңінде қағаз түрінде ұсынылатын келесі қызметтер онлайн-өтінімдер бойынша қамтамасыз етілетінін хабарлайды:

    1. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау"
    2. "Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау";
    3. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау"
    4. "Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақы тағайындау"
    5. "Бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау

    6 «Көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау».

    Жоғарыда аталған қызметтер электрондық үкімет порталының « электрондық өтініш» сервисі арқылы жүзеге асырылатын болады.

    Көрсетілетін қызметті алушы жоғарыда аталған мемлекеттік қызметтерді алу үшін стандартқа сәйкес өтініш толтырады және стандартта көрсетілген құжаттардың электрондық файлын немесе сканерленген нұсқасын салып электрондық цифрлық қолмен өтінімге қол қояды.

    Сұрақтар туындаған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның біріңғай байланыс орталығына 1414 немесе 551008 нөмірі бойынша хабарласуға болады.

    Сонымен қатар департаменттің зейнетақы және әлуметтік қамсыздандыру бөлімдеріне 395542 және 424028 нөмірлері арқылы хабарласуға болады.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.