
COVID-19 инфекциясына байланысты жарияланған төтенше жағдай кезінде Төлеби ауданында үйден себепсіз шықпау, кез келген отбасылық мерекелер мен жиындарды тоқтату, тұрақты бетперде тағып жүру нұсқаулықтарын түсіндіру мақсатында ауылдағы беделді азаматтар, ардагерлер кеңесі мүшелері, имамдар, ерікті азаматтардан топ құрылды. Топ мүшелері ауданға қарасты барлық 55 елді мекенді аралап түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Әр ауылға кіреберіс қақпаларында бекеттер ұйымдастырылып, округке келушілерге сақтық шаралары айтылуда. Сонымен қатар ауылдағы мешіттерде, клубтарда дыбыс күшейткіш құрылғылары арқылы ескертілуде.
#БізБіргеміз



