Мүгедектік белгілеу сырттай өткізілетін болады.

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен төтенше жағдай кезеңінде «мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін сырттай, яғни медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдеріне келмей алу механизмі әзірленді.

    Қызмет «Электрондық үкімет» веб-порталында (бұдан әрі – Портал) «Электрондық өтініш» сервисі (бұдан әрі – Сервис) арқылы берілген өтініш негізінде көрсетіледі.

    Аталған қызметті Сервис арқылы алуға өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті алушы тиісті мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес өтінішті толтырады, сондай-ақ тиісті Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың сканерленген нұсқаларын қамтитын электрондық файлдарды қоса береді және электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қояды.

    Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы арқылы қол қойылған өтініш Портал арқылы Департаменттің медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің электрондық құжат айналымы жүйесіне жіберіледі.

    Медициналық-әлеуметтік сараптама нәтижесі туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыстың абоненттік нөміріне және көрсетілетін қызметті алушының Порталдағы жеке кабинетіне (техникалық мүмкіндік болған жағдайда) sms-хабарлама арқылы жіберіледі не Сервис арқылы келіп түскен өтінішке жауап түрінде жіберіледі.

    Сонымен қатар, медициналық-әлеуметтік сараптамаға кезекті куәландыруға төтенше жағдайға байланысты келе алмаған азаматтарға, қайта куәландыру кезінде мүгедектік белгіленген жағдайда, мүгедектік мерзімі өтіп кеткен кезең 2020 жылдың 16 ақпанынан есептелетін болады.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.