29 КӘСІПКЕРГЕ ӘКІМШІЛІК ХАТТАМА ТОЛТЫРЫЛДЫ

    29 КӘСІПКЕРГЕ ӘКІМШІЛІК ХАТТАМА ТОЛТЫРЫЛДЫ

    Бүгін аудан әкімінің орынбасары Қ.Мылтықбеков пен Төлеби аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы мамандары әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар бағасының негізсіз өспеуiн қадағалау және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтылығын сақтау мақсатында Ленгір қаласындағы дүкендер мен тамақтану орындарына барып, тексеру жұмыстарын жүргізді.

    Рейд барысында санитариялық-дезинфекциялық режим сақталмағаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 476 бабының 6 бөлігіне сәйкес 29 кәсіпкерге хаттама толтырылып, сотқа жолданды.

    Алдағы уақытта ауданда санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтылығын сақтау және алдын алу шараларын күшейту бойынша жұмыстар жалғасатын болады.

    Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.