
Көктем мезгілі келгелі қаламызда абаттандыру жұмыстары басталып кетті. Ленгір қаласы Төлеби көшесі бойындағы жаңадан салынған гүлзарға 4050 түп маусымдық гүлдер егілді. Атап айтқанда, Шафран гүлі 1750 дана, Сальвия гүлі 1000 дана, Бархат гүлі 800 дана, Цинния гүлі 500 дана егілді.
Осы аптада тағы 4000 дана маусымдық гүлдер әкелінеді. 2020 жылы маусымдық гүлдерді 3 кезеңге бөліп егу жоспарлануда.
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі


