
Енді қоғамдық көліктер қозғалысы 50 пайызға қысқарады. Мұны Рашид Абатұлы қалалық штаб отырысында тұрғындар денсаулығын сақтау мақсатында көрілетін шара екенін айтты. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау (СЭС) қызметкерлерінің жұмысын жақсы бағаласа, мобильді топтардың күнделікті жүргізіп жүрген рейдтеріне сын айтты. Үгіт-насихат жұмыстарының аздығынан әлі де талаптардың орындалмай жатқанын сондай-ақ, тұрғындармен СЭС қызметкерлерінің дөрекі сөйлесуден аулақ болуы үшін басшылыққа қадағалау қажеттігін назарға алды.
"Қосымша білім беру жолдары қарастырылады" деген Рашид Аюпов "Еларна", "Balapan" телеарналарынан көрсетілген сабақтарды көрмей қалған оқушылар үшін жергілікті телеарналардан көрсетілуін қамтамасыз етуді тапсырды.
Сонымен қатар, өзге қалаларға қатынас жасап жүрген көлік иелеріне шара көруді полиция басшысына қолға алуын және банкоматтарда қаржы жеткілікті, адамдардың шоғырлануының қажеті жоқ екенін айтты.
Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
⠀



