Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында коронавирус індетін жұқтырған бір адам тіркелді

    Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында коронавирус індетін жұқтырған бір адам тіркелді

    Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында коронавирус індетін жұқтырған бір адам тіркелді

    Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 2020 жылдың 8 сәуірінде Жаңаөзен қалалық ауруханасының провизорлық бөлімінде күдікті бір науқаста COVID-19 анықталды.
    Науқас 1974 жылы туған Жаңаөзен қаласының тұрғыны, ол дене қызуы көтеріліп, жедел-жәрдем көмегіне жүгінген. Қан талдамалары алынып, індеттің белгілері анықталды.
    Науқасқа қажетті зертханалық және диагностикалық тексерістер жүргізілген соң, инфекциялық бөлімінің бокс палатасына ауыстырылды.
    Дәрігер-мамандар (инфекционист, реаниматолог, терапевт) материалдық техникалық құралдары және жеке қорғаныш құралдарымен толыққанды қамтылды.
    Қазір инфекция анықталған ошаққа және оның аумағына дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде. Байланыста болғандар санын анықтау бойынша эпидемиологиялық тексерістер мен іс шаралар жүргізіліп жатыр. Науқастың қайда жұмыс істегені, кімдермен байланыста болғаны зерделенуде.
    Жаңаөзен қаласы бойынша бүгінгі таңда карантиндік стационарда –9 азамат, үй карантинінде - 23азамат бақылауда.

    БІР НАУҚАСТЫҢ ЖАҒДАЙЫ АУЫР ДЕП БАҒАЛАНУДА

    Облыста бүгінгі таңда COVID-19-бентіркелген6 науқас,соның 5 облыстық аурухананың инфекциялық бөлімінде (Ақтау қаласында), 1 - Жаңаөзен қалалық инфекциялық бөлімінде.
    Барлық диагностикалық және емдік іс шаралар жүргізілуде (бес науқастың жағдайлары орташа ауырлықта, бір науқастың (Қызылордадан келген) жағдайы ауыр дәрежелі деп бағаланады).

    2020 жылғы 20 ақпаннан бастап облыста КВИ бойынша 2167 азамат мониторингке алынып, 1863азамат бақылаудан шығарылды.
    Облыс бойынша 1291 вирусологиялық тексерістер жасалып, соның 6 оң нәтиже анықталды.

    2020 жылдың 8 сәуірі сағат 08:00 жағдайы бойынша:
    Провизорлық стационарда – 57 күдікті науқас
    Обсервациялық (карантиндік) стационарда – 30 азамат
    Медициналық бақылауда үй карантинінде (телефон байланыста)– 368азамат.
    Медициналық ұйымдарда азаматтардың деректерін іздеу, қоңырау шалу және тексеру жұмыстары жалғасуда.

    Облыс бойынша госпитальдардың жалпы сыйымдылығы:
    Обсервациялық станционар – 810 (резерв - 330).
    Провизорлық станционар – 316.
    Инфекциялық станционар – 70.

    Сонымен бірге, инфекциялық бөлімді 135 орынға көбейту мақсатында, бос тұрған ғимаратқа жөндеу жұмыстарын бастап, хиуругиялық, акушер-гинекологиялық және сол жерде, ҚР ДСМ тапсырмасына сәйкес, интенсивтік терапия орталығын (ауыр жағдайдағы науқастарға) ашу жоспарланды.
    Бүгінгі күні дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдар жеткілікті.

    МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚЫЗМЕТІ

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.