30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күні

    30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күні

    Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғалы жирма жыл болады. Осы мерзімде өте көп күрделі жұмыстар өткізілді. Ол еліміздің барлық салаларын қамтыды. Көптеген экономикалық, құқықтық,саяси, әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізілді. Олардың дәлелін Қазақстан Республикасының әрбір азаматы айтпаса да біледі. Олар- Ата Заңымызды қабылдау, «Қазақстан-2030» даму стратегиясы, өзге стратегиялық бағдарламалар, ОБСЕ ұйымында төрағалық ету, құқықтық реформалар және тағы да басқа ізгі жұмыстар.

    Қазақстан Республикасы Прокуратура органдары құқық қорғау жүйесінде үйлестіруші орган ретінде елдегі құқықтық реформаларға, заң шығару процесіне белсенді қатысуда. Атап айтсақ, 2002-2010 жылдар аралығында арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасын жүзеге асыруда бірқатар маңызды жұмыстар атқарылды. Прокуратура органдары өз қызметін атқаруда елдегі біршама нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге зор үлесін қосты. Мысалы, Қазақстан Республикасы Әділет министірлігімен бірлесе отырып, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзерлеп, аталған заң күшіне енді. Бұл заң азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау деңгейін арттыруға бағытталған. Бүгінгі таңда прокуратура органдары 2010-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасын жүзеге асыруға белсенді түрде кірісті. Оның алғашқы жетістіктері «Құқық қорғау қызиеті туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы бақылау және қадағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», заңдарын жарқын мысал ретінде келтіруге болады. Аталған жұмыстардың барлығы Қазақстан Республикасы Ата Заңында айтылған демократиялық зайырлы, құқықтық және әлеуметтік құруға, Қазақстан Республикасында адам мен азаматтардың тұрақты, құқықтық қауыпсіз мемлекетте тұруына бағытталған. Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының жұмысы елдегі биліктің қайнар қөзі – халықтың құқығы мен бостандығын қөрғауға бағытталған. Бүгін Қазақстан Республикасы азаматтарын, Қазақстан Республикасының Конституция күнімен Жақсы аудан прокуратурасының атынан құттықтаймыз. Ел болып жұмылып істеп жатқан қызметіміз Қазақстан Республикасын жаңа шыңдарға жетелесін.

    Айгүл Амралина,

    Жақсы ауданы прокуратурасының

    аға прокуроры

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.