
Биыл аудан аумағындағы жылыжай көлемін ұлғайту жоспарға сәйкес орындалып жатыр. Сондай бастамалардың бірі Кемеқалған ауылдық округінде жүзеге асырылуда.
Мұнда жеке кәсіпкер Манап Қайрат 1 га жылыжайға қияр дақылын ектi. Алдағы 40-45 күнде қияр алғашқы өнiмін бере бастайды. Диқанның болжамынша жылыжайдан 90-100 тоннадай өнім жиналатын болады.
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі


