БЛОК-БЕКЕТТЕРДЕГІ ЖҰМЫСТАР ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА.

    БЛОК-БЕКЕТТЕРДЕГІ ЖҰМЫСТАР ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА.

    Қалалық штабтың кезекті отырысы шаһар басшысының орынбасары Тәжібек Мұсаевтың төрағалығымен өтті.

    Қалада төтенше жағдай талаптарының орындалу деңгейі қатаң бақылауда. Ол үшін мобильді топтар жұмыс жүргізуде. Дегенмен, спорт және балалар ойын алаңшаларында жасөскіндердің ойын ойнап, ара-қашықтықты сақтамау жайттары тексеріс барысында белгілі болды.

    Сондай-ақ, базар аумағында ұялы телефон сататын дүкенінің есігін ашқан иесіне әкімшілік хаттама толтырылды. Алдымен, адам денсаулығының қымбат екендігі айтылып, сондықтан азық-түліктен басқасы уақытша жабылатындығы ескертілді.

    Блок-бекеттердегі де жағдайлар айтылып, өзге шаһар тұрғындарының түрлі жолдармен Түркістанға заңсыз, тексеріссіз өтуі анықталған. Бұл тұста, сақтық шараларын жандандырып, бақылау-өткізу бекетін қатаң қадағалау керектігі ескертілді.

    Ал, қаланы дезинфекциялау ауа-райы қолайсыздығына байланысты тоқтап тұр. Жауын-шашын басыла, алдымен, азық-түлік қатарларын залалсыздандыру жалғасатын болады.

    Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

    #birgemiz
    #ХалықтықӘкімдік

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.