
ЖАҢАӨЗЕНДЕ ТАҒЫ БІР ТҰРҒЫННАН COVID-19 АНЫҚТАЛДЫ
Маңғыстау облысында коронавирус жұқтырған тағы 1 адам анықталды.
15.04.2020ж. жағдай бойынша
Науқас 62 жастағы Жаңаөзен қаласының тұрғыны, зейнеткер.
Бүгін ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Қазіргі уақытта науқас Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінің инфекциялық стационарына жеке боксқа жатқызылды.
Науқаспен 12 адамның жақын байланыста болғаны анықталды. Оның 2-і үйіндегі адамдар, 10-ы туыс ағайындары.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.
Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.
15.04.2020 ж. жағдай бойынша облысымызда:
Өкінішке орай 11-адам COVID-19 вирусын жұқтырған.
Ақтауда -5
Жаңаөзенде – 3
Маңғыстау ауданында – 3
Сауыққаны -1
Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы



