Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі Электрлік жарықтандыру құралдарынан болатын өрттер мен жанулардың алдын алу.

    Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі Электрлік жарықтандыру құралдарынан болатын өрттер мен жанулардың алдын алу.

    Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі Электрлік жарықтандыру құралдарынан болатын өрттер мен жанулардың алдын алу. Электр желісінен өрттің пайда болуының басты себебі қысқа тұйықталу, желідегі шамадан тыс жүктеме. Бұл жағдайлар болмас үшін электрөткізгішті ақаусыз күйде ұстап, ал қысқа тұйықталу және желінің артық жүктемесі (бір мезгілде бірнеше электр құрылғысын бірден қосу) кезіндегу жануға жол бермес үшін бөліп таратқыш қалқанда зауытта жасалған калибрленген сақтандырғыш әрдайым болуы тиіс. Егер электр желісіне «Жучок» жуан сымынан жасалған сақтандырғышты қоссаңыз, ол қысқа тұйықталу кезінде балқымайды. Сәйкесінше, «қорғаныс» жұмыс істемейді, ал желі ток астында қалады. Бұл жағдайда сымдар балқығанға дейін қызады, оқшаулау (қабық) тұтанып, ұшқындар мен от айналасындағы жанған заттарға тарап, өрт туындайды. Әр уақытта заводттан шығарылған сақтандырғыштарды ғана қолдану осы үшін қажет. Қысқа тұйықталу электрөткізгіште де болуы мүмкін. Сондықтан да ол ақаусыз күйде қолданылуы керек. Өрт электр лампасынан да туындауы мүмкін, себебі вольфрамның талшықтары қызған кезде көп жылу шығарады. Мұндай жағдай болмас үшін, электрлампалары қағаз бен матадан жасалған абажурларға жанаспауы тиіс. Өрт көбінесе зауыттан шығарылған және ақаусыз болатын тұрмыстық электр құралдарынан да туындап жатады.

    Егер электр желісіне бір мезгілде осындай құралдардың бірнешеуін іске қосса, онда бұл электрөткізгіштердің артық жүктелуі мен қатты қызуын туындатады. Оқшаулау (қабық) тұтанып, от өткізгіш бойымен түрлі заттарға таралады. Өрт бір электрлік қыздырғыш құралын (үтікті, шәйнекті, жылытқыш құралды және б.) дұрыс қолданбағаннан да болуы мүмкін. Сондықтан желіге қосылған құрылғыны қараусыз қалдыруға немесе оларды қадағалауды жас балаларға тапсыруға қатаң тыйым салынады. Құралды жанулы күйдегі заттарға қоюға болмайды, сондай-ақ, оларды перделерге, ағаш қалқандарға және басқа оңай жанғыш заттарға жақын жерде қосуға болмайды.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.