Ресейде вахталық әдіспен жұмыс жасайтын тағы 7 батысқазақстандықтан коронавирус анықталды

    Акимат города Уральск·
    Ресейде вахталық әдіспен жұмыс жасайтын тағы 7 батысқазақстандықтан коронавирус анықталды

    Бұл туралы БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаев өңірлік коммуникациялар қызметі өткізген онлайн-брифингте мәлімдеді.

    Барлығының да ауру белгілерін эпидемиологтар «Тасқала» санитарлық-карантиндік өткізу пунктінде байқаған. Қатты қызу болмағанмен, карантиндік алгоритмге сай барлығы карантиндік стационарға жатқызылған. Жеті адамның да сынамаларынан COVID-19 жұқтырғанын анықталады.

    Арыспаев оларды облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылғанын айтты. Қазір науқастардың жағдайыы қанағаттанарлық екен.

    Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, COVID-19 жұқтырған 46 жағдайдың 39-ы облысқа сырттан келген. Яғни, 38-і Ресейден, 1-еуі Атырау облысынан. Қалғандары осы адамдармен қатыс арқылы жұқтырғандар.

    286 байланыста болған адамның 120-сы жақын қатынаста болғандар. Олардың барлығы тексерілді. Орал қаласында, Тасқала ауданы мен Бәйтерек ауданына қарасты Мичурин ауылында 10 үй карантинде.

    Екі адам жазылып шықты. Дәл қазір жұқпалы аурулар ауруханасында 44 науқас тиісті емін алып жатыр.

    zhaikpress.kz

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.