
Азық-түлікті барып алуға мүмкіндігі жоқ тұрғындар үшін жеткізу қызметі жұмысын бастады. Бүгінде 20 мототакси қарастырылса, соның 4-і іске қосылған. Бір күн ішінде 52 тапсырыс келсе, оның басым бөлігі кафе, ресторандардағы тағамдарға сұратылған.
⠀
"Алтын бұлақ" көтерме сауда базарынан жөнелтілетін тауарлар қатарында ұн, күріш, күнбағыс майы, құмшекер, макарон сынды күнделікті ішіп-жемге қажетті азық-түліктер бар. Ал, дүкендерде бекітілген 9 әлеуметтік тауардың шекті мәнін асырғандарға айыппұл салынады. Ол бағалар тұрақтандыру қорының жіті назарында тұр.
Бұл қызметті жандандыруға жұмыссыз жастар және кәсіпкерлер тартылуда. Мобильді қосымшаны жүктеу арқылы үйден шықпай-ақ қызмет алуға мүмкіндік мол. Алда, сұраныс бойынша тізімі кеңейетін болады.



