
Құрметті қала тұрғындары!
⠀
Өздеріңізге белгілі болғандай, кеше Түркістан қаласында COVID-19 індетін жұқтырған бір азамат тіркеліп, алғашқы жайт орын алды. Бұған дейін де, өздеріңізге барлық нормаларды ұстанып, індетті жұқтырмаудың алдын алу қажеттігін айтып, ол үшін қалай сақтануды ұдайы көрсетіп отырдық. Қажеттіліксіз сыртқа шықпауды өтіндік. Дегенмен, қазіргі оқиға тәртіпті одан да қатаң ұстануға сеп болды.
⠀
Сол себепті, коронавирус індетін жұқтырған азамат тұрған 1 мөлтек ауданындағы 46 үй аумағы оқшауланды. Көпқабатты үйдің кіре-беріс дәлізі құлыптанып, тұрғындарға кіріп-шығуға тыйым салынды. Отбасы азаматтарын керекті заттармен қамтамасыз ету үшін жеткізу қызметі жұмыс жасауда. Оларға барлық қызметтер көрсетілуде.
⠀
Мұнда 15 пәтерде 15 отбасы бар. Барлық азаматтардың денсаулығы жіті қадағалауда. Аумақта залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, полиция қызметкерлері тәртіпті күшейткен.
⠀
Ал, түнгі 00-ден бастап тек бұл аумақ емес, бүкіл қала карантинге жабылды. Бұл біздің өзіміз және туыстарымыз бен жақындарымыз үшін қойылған талапты орындауға әкеледі. Біз #Birgemiz! Бекем бірліктің арқасында бәрін жеңеміз!



