
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Қаулысына сәйкес, Түркістанда ҚазПошта мекемесі де уақытша тоқтап, қызметтерді қашықтықтан және онлайн, үйге дейін жеткізіп беру арқылы іске асыруды бастады. Мұндай қызмет күнделікті сағат 10.00-16.00 аралығында жүргізіледі.
⠀
Бүгінде зейнетақылар мен әлеуметтік көмектер, хат-хабарлар сынды пошталық қызметтер үйге жеткізілуде. Сондай-ақ, Kazpost.kz сайты арқылы барлығын онлайн алуға болады. Тапсырыс осы сайт арқылы жолданған болса, оны да ҚазПошталықтар қолдарыңызға тапсырады.
⠀
Жалпы, төтенше жағдай уақытындағы 6-18 сәуір аралығында пошта 28134 адамға қызмет көрсетті. Оның ішінде 3806 адам - 42500 теңге, ал қалған 24328 қызмет зейнетақы, жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек және басқалары бойынша көрсетілген.
⠀
ҚазПоштаның барлық 11 бөлімшесін қосқанда халыққа тікелей қызмет көрсететін 48 қызметкер бар. Мамандар тек Түркістан емес, Кентау қаласына қарасты 12 ауыл-әкімшілігіне қоса қызмет көрсетеді.
Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі



