
Ағымдағы жылдың 22 қаңтарында облыс әкімінің орынбасары Б. Қ. Байжұмановтың төрағалығымен Нұр Отан партиясының облыстық филиалында дөңгелек үстел өтті. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен өткен дөңгелек үстелге білім басқармасының, НұрОтан партиясының, кәсіпкерлер палатасының, Әйелдер ісі жөніндегі Кеңестің, көп балалы аналардың, Жанұя орталығының өкілдері және облыстың белсенді қоғам өкілдері қатысты.
Көп балалы және аз қамтылған отбасылардың атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, Жұмыспен қамтудың белсенді шараларын көрсету, жұмысқа орналастыру, Жанұя орталығының алаңында ХЕҰ-ның ұсынысы бойынша "өз бизнесін баста" психологиялық тренингтерін ұйымдастыру, аналарға арналған икемді кестемен жұмыс орындарын құру арқылы кәсіпкерлікті дамыту мүмкіндіктері және басқа да мәселелер қаралды.
Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты-жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті түсіндіру, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға кешенді қолдау көрсету. Конструктивті диалог өтті.
Дөңгелек үстелдің жұмысын қорытындылай келе, облыс әкімінің орынбасары Б. Қ. Байжұманов АӘК-ті тек мұқтаж отбасыларға беру маңыздылығын, оны тағайындаудың әділдігі мен айқындылығын, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың күш-жігерін біріктіру, табысты арттыру және біздің мұқтаж азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жақсарту үшін маңыздылығын тағы да атап өтті.



