
Баршаңызды күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Қасиетті Рамазан – сансыз сезімдер мен толып тасыған ізгі ойлардың салтанат құрған айы.
Бұл – шексіз ізгілікке, адамгершілікке, рухани тазаруға және кемелденуге бастайтын мезгіл.
Рамазан айында ораза ұстау мейірімділікке, кешірімді болуға, татулыққа және қайырымдылыққа үндейді.
«Сабыр еткен адам жеңіске жетеді» - деп даналарымыз айтқандай, бүгінгі күнде елімізде болып жатқан жағдайда сабырлылық танытып, жақсылық пен сауаптардың сансыз еселеніп жазылар айында ынтымақ-бірлігімізді одан ары нығайтуға шақырамын.
Татулық пен тағаттылықтың, жасампаздық пен жарасымдылықтың арқасында бұл індетті жеңіп шығатынымызға сенемін.
Құрметті мұсылман бауырлар!
Осынау қастерлі күнде барша мұсылман қауымына рухани күш-жігер, жарқын көңіл, зор денсаулық және бақ-береке тілеймін!
Оразаларымыз бен құлшылық-ғибадаттарымыз қабыл болып, екі дүниенің бақытына бөлесін!
Отанымыз аман, жұртымыз тыныш, барша Қазақстан азаматтарының ынтымақ-бірлігі берік болғай!
Ізгі ниетпен,
Целиноград ауданының әкімі Б.Оспанбеков



