План мероприятий акима города по итогам отчётных встреч с населением

    План мероприятий акима города по итогам отчётных встреч с населением

    Барлық деңгейдегі әкімдердің 2020 жылы есеп беру

    кездесулерінің 1 тоқсанның орындалысы бойынша

    ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

    Іс - шаралардың атауы

    Орындалу мерзімі

    Орындауғажауапты

    Ескертпелер

    Ақтау қаласы әкімінің тұрғындармен есепті кездесулерінде түскен

    ұсыныс-пікірлерін іске асыру шараларының жоспары

    Республикалық бюджеттен (немесе жергілікті бюджеттен) қаржыландырылатындар

    1.

    Ақтау қаласының 33 ш/а 21 үйінің жарықтың жиі сөнуі мәселесі

    2020 жыл

    III тоқсан

    Б.Қашақов

    А.Хамиев

    Ғ.Ниязов

    33 ш/а және аталған тұрғын-үйі электр энергиясымен толық қамтылған. Желі істен шыққан жағдайда қызмет көрсетіп отырған КСК немесе «АУЭС» мекемесіне хабарласады.

    2.

    Ақтау қаласының 33 ш/а 21 үйін газбен қамту мәселесі

    2020 жыл

    IV тоқсан

    Б.Қашақов

    А.Хамиев

    Ғ.Ниязов

    Аталған тұрғын үйдің 7,9 қабатты үйінде газ құбыры бар, ал 12 қабатты үйіне газ құбырын салу нормаларға сәйкес қарастырылмаған.

    3.

    Ақтау қаласының 33 ш/а 21 үйінің ауыз су мәселесі

    2020 жыл

    IV тоқсан

    Б.Қашақов

    А.Хамиев

    Ғ.Ниязов

    33 ш/а және аталған тұрғын-үйі ауыз су құбырымен толық қамтылған. Құбыр істен шыққан жағдайда қызмет көрсетіп отырған КСК немесе «КЖСА» мекемесіне хабарласады.

    4.

    Ақтау қаласының 35 ш/а аурухана салу мәселесі

    2020 жыл

    IV тоқсан

    Қ.Жұмашев

    Ә.Сағымбаев

    Ғ.Ниязов

    35 ш/ауданда аурухана салуға жер орындары жоқ, себебі аталған шағынауданда тұрғын үй нысандары орналасқан, алайда жаңа 37 ш/ауданынан көлемі 4 га құрайын жер учаскесі облыстық денсаулық сақтау басқармасына емхана салуға рәсімделді.

    5.

    «Приморский» т/м қаңғыбас иттердің көбеюіне байланысты иттерді жою мәселесі

    2020 жыл

    жыл бойы

    Ғ. Ниязов

    Өмірзақ ауылына қарасты «Приморский», «Приозерный», «Рауан» тұрғын массив аумақтарынан жылдың басынан 145 қаңғыбас ит ауланды, жұмыстар жүргізілуде, бақылауда.

    6.

    Шығыс-2 және Шығыс-3 шағынаудандардың инфрақұрылымдарының құрылыстарын бастау

    2020 жыл

    IV тоқсан

    Н. Аққұлов

    Ш.Тәжіғараев

    Ғ. Ниязов

    Шығыс-2 ш/а су және кәріз құбыры бойынша мердігер мекемесі анықталды («Альянс ЛТД» ЖШС) құрылыс жұмыстар жүріп жатыр.

    Шығыс-3 ш/а электр желісі бойынша мердігер мекеме анықтады («Электромонтаж» АҚ), құрылыс жұмыстар жүріп жатыр.

    Шығыс-3 ш/а су және кәріз құбырын салу бойынша мемлекеттік конкурс өткізіліп, мердігер мекеме анықталды («Көлсай» ЖШС), құрылыс жұмыстар жүріп жатыр.

    7.

    Жаңа шағынаудандарды жылумен қамту үшін «Каспий энергетикалық хабының» сыртқы инфрақұрылымының құрылысын салу аясында «Жаңаөзен-Ақтау» газ құбырынан АГРС орнатып магистралды газ құбырын салу» жобасын жүзеге асырсын

    2020 жыл

    IV тоқсан

    Б. Қашақов

    А. Хамиев

    Ғ. Ниязов

    Екі рет мемлекеттік сатып алулар конкурсы (25.11.2019 ж. және 05.02.2020 ж.) ұйымдастырылып, нәтижесінде конкурс танылмады деп қорытындысы шықты.

    16.04.2020 ж. үшінші рет мердігер мекемені анықтау үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде, нәтижесі 15 мамыр айында анықталады.

    8.

    Қаланың бас жоспарына сәйкес, №1–кәріз тазарту құрылғысын кәріз насосты станциясына қайта құрылымдау жұмыстарын жүзеге асырсын

    2020 жыл

    IV тоқсан

    Б. Қашақов

    А. Хамиев

    Ғ. Ниязов

    Жобалық-сметалық құжаттамасын жасақтауға қаражат күтілуде.

    9.

    Теңіз жағалауын туризмге бағытталған кешенді шаралармен толықтыруға ұсыныстар әзірлеп жүзеге асырсын

    2020 жыл

    IV тоқсан

    Н. Қилыбай

    Н. Айтжан

    Ғ. Ниязов

    Ақтау қаласының теңіз жағалауын қала тұрғындарына және қонақтарға қолайлы ету мақсатында 15А,14А ш/а, «Жартас соқпағы» салынды, қазіргі таңда Жартас соқпағынан «Сарбаз» жағалауы аралығын абаттандыруды жоспарлап, ЖСҚ жасақталуда.

    10.

    2019 жылы «Нұрлы жер» және «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» бағдарламалары аясында Ақтау қаласының жаңа және төменгі шағынаудандарын электр энергиясымен қамтамасыз етудің жобаларын жүзеге асырсын

    2020 жыл

    IV тоқсан

    Б. Қашақов

    А. Хамиев

    Ғ. Ниязов

    2019 жылы 17,18А ш/а электр энергиясымен толық құрылысы аяқталып іске қосылды.

    Осы жылы 16,18,19,19а, ш/аудандарды электр энергиясымен қамту үшін құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

    Төменгі шағынаудандарды электр энергиясымен қамту мақсатында «Хазар» БТҚ құрылысы салынуда. Қаланын төменгі шағынаудандарына электр энергиясын күшейту мақсатында, ағымдағы жылы ГПП "Хазар" 110/6 кВ нысанның құрылысы аяқталды, қазіргі таңда іске қосуына (пуско-наладочные работы) мердігер мекеме анықталуда.

    Жаңа шағынаудандарына қамту мақсатында «Каспий энергетикалық ХАБы» сыртқы инфрақұрылым құрылысы щеңберінде кернеуі 110 кВ электр тарату желісін және 110/10 кВ ҚС 2 қосалқы станциясын салу» нысаны құрылысын «Электромонтаж» ЖШС жасақтауда.

    11.

    33 және 35 шағынаудандардың арасын қосатын автожолы, Өмірзақ ауылынан «МАЭК-Казатомпромның» су каналына дейінгі автожол құрылыстарын аяқтасын

    2020 жыл

    IV тоқсан

    Н. Аққұлов

    Б.Ережепов

    Ғ. Ниязов

    33,34,34А ш/а бойындағы №26 автожолды салуға 2020 жылы 30 млн. теңге бөлінді. Өмірзақ ауылынан «МАЭК-Казатомпромның» су каналына дейінгі автожол құрылысын Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жүргізуде.

    12.

    Қалада білім, денсаулық сақтау салаларындағы кадр тапшылығы мәселесін шешу үшін қажетті мамандарды өңірге шақырту арқылы, тиісті шараларды қамтамасыз етсін

    2020 жыл

    IV тоқсан

    Қ. Жұмашев

    А. Сейдалиев

    Ә. Сағымбаев

    Ғ. Ниязов

    Мектептердегі орыс тілді пәндерінің мұғалім тапшылығын азайту мақсатында Орал, Өскемен, Тараз, Павлодар қалаларынан шақырту жұмыстары жүргізілуде.

    Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатындар

    13.

    Ақтау қаласында спорт кешендерінің алыс орналасу мәселесі

    2020 жыл

    IV тоқсан

    Қ.Жұмашев

    Қ.Жұмабаев

    Ғ.Ниязов

    Жер орындарының жетіспеуіне байланысты, аталған мәселе ашық спорт алаңдарын салу және жөндеу арқылы шешіледі. Қалада 182 ашық спорт алаңдары бар.

    14.

    Ақтау қаласындағы маршрут тасымалы мәселесі

    2020 жыл

    IV тоқсан

    Н.Аққұлов

    Б.Ережепов

    Ғ.Ниязов

    Ақтау қаласының қоғамдық көлік автобустарын жаңарту бойынша сатып алынантын 18 дана автобустың алғашқы 30% жарнасы (216 млн. теңге) төленді. Автобустарды қалаға жеткізу қыркүйек айына жоспарланды.

    15.

    Пәтерлерде су қарқынының бәсеңдеу мәселесі

    2020 жыл

    I тоқсан

    Б.Қашақов

    А.Хамиев

    Ғ.Ниязов

    «КЖСА» мекемесі тұрғын үйлердің шекараларына дейін толық суларын жеткізуде, тұрғын үйдің ішіндегі құбырларға КСК-лар қызмет көрсетеді.

    16.

    Ақтау қаласын көгалдандыру мәселесі

    2020 жыл

    III тоқсан

    Б.Қашақов

    А.Хамиев

    Ғ.Ниязов

    Қаланы көгалдандыру жұмыстары бойынша мердігер мекеме анықталып, «Атамекен» мүгедектерді қолдау қоры» Қоғамдық бірлестігімен 840,0 млн теңгеге (ҚҚС қосылғанда) 05.03.2020 жылы келісім шарт жасақталды. Қазіргі таңда суару маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде.

    17.

    Ақтау қаласының 33 ш/а 21 үйінің алдында ойын алаңының мәселесі

    2020 жыл

    IV тоқсан

    Б.Қашақов

    А.Хамиев

    Ғ.Ниязов

    2020 жылға арналған күрделі жөндеу жұмыстарының жоспарына қосылды.

    18.

    Ақтау қаласының 33 ш/а 21 үйінің алдындағы жасыл желектерді отырғызу және суару мәселесі

    2020 жыл

    III тоқсан

    Б.Қашақов

    А.Хамиев

    Ғ.Ниязов

    Ағымдағы жылы көгалдандыру жұмыстары аясында тиісті жұмыстар атқарылады.

    19.

    Ақтау қаласының 33 ш/а жабық аялдама салу мәселесі

    2020 жыл

    III тоқсан

    Н.Аққұлов

    Б.Ережепов

    Ғ.Ниязов

    Ақтау қаласының жабдықталмаған аялдмаларын конструкциялау бойынша жергілікті бюджеттен 23 аялдама салу бойынша қаражат сұратылды. Қазіргі таңда халық көп шоғырланатын 23 аялдманың тізімі жасақталды. Тізімде 33 ш/а орналасқан аялдама бар. Бюджет нақтылау барысында ұсынылады. Бір аялдаманың бағасы – 2 379,5 мың теңге.

    20.

    Шағынаудан ішілік жол мәселесі

    2020 жыл

    IV тоқсан

    Н.Аққұлов

    Ғ.Ниязов

    Шағын аудан ішкі жолдарын ағымдық және шұңқырлы жұмыстарын жүргізуіне бюджеттен 91,4 млн. теңге қарастырылған (18 900 м²). Мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргілуде. Мердігер мекеме анықталғаннан кейін тиісті жұмыстар жасалады.

    Одан бөлек 2,6,12,26,27 ш/аудандарды толық жөндеу жұмыстары жүргізіледі (тротуар, асфальт, балалар ойын және спорт алаңдары)

    21.

    Тротуарлар салу мәселесі

    2020 жыл

    IV тоқсан

    Н.Аққұлов

    Ғ.Ниязов

    Мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргілуде. Мердігер мекеме анықталғаннан кейін тиісті жұмыстар жасалады.

    Одан бөлек 2,6,12,26,27 ш/аудандарды толық жөндеу жұмыстары жүргізіледі (тротуар, асфальт, балалар ойын және спорт алаңдары)

    22.

    Ақтау қаласында ойын алаңының мәселесі

    2020 жыл

    IV тоқсан

    Б.Қашақов

    А.Хамиев

    Ғ.Ниязов

    2020 жылға жоспар 9 балалар ойын алаңын салу жоспарланған. Мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргілуде. Мердігер мекеме анықталғаннан кейін тиісті жұмыстар жасалады.

    23.

    Құбыр ұзындығы 17,3 км болатын «КОС-1-ден КОС-2-ге дейінгі ағынды коллектор құрылысы» бойынша жобасын пайдалануға беруді қамтамасыз етсін

    2020 жыл

    IV тоқсан

    Б. Қашақов

    А. Хамиев

    Ғ. Ниязов

    «КОС-1-ден КОС-2-ге дейінгі ағынды коллектор құрылысы» нысаны бойынша "Фирма В и К ЛТД " ЖШС мердігер мекемесімен құрылысы жүруде. Траншея қазу жұмыстары -10 км. Сонын ішінде 9 км труба колекторын салып бітірді.

    24.

    «Приморский» т/м су құбыры жарылған жағдайда ауыл тұрғындары сусыз қалмау мақсатында орталық кран қою мәселесі

    2020 жыл

    IV тоқсан

    Б. Қашақов

    А.Хамиев

    Ғ. Ниязов

    «Приморский» т/м су құбыры жарылған жағдайда ауыл тұрғындары сусыз қалмау мақсатында әр көшеге кран қоюға 12 млн. теңге сомасындағы қаражат бөлініп, мердігер «Ақтау тұрғынүй» МКК-мен келісім-шарт жасақталды. Аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың мамыр айы.

    25.

    «Приморский» т/м жарықталмаған көшелеріне жарық шамдарын орнату мәселесі

    2020 жыл

    IV тоқсан

    Б. Қашақов

    А.Хамиев

    Ғ. Ниязов

    Приморский тұрғын массивінің барлық көшелері жарық шамдармен қамтылған, 369 жарық шамдары барлығы жанып тұр. Қызмет көрсететін мекеме – «АУЭС» МКК.

    26.

    «Рауан» т/м тұрғындарына балабақша, спорт ойын алаңдарын салу мәселесі

    2020 жыл

    IV тоқсан

    А.Сейдалиев

    Ғ. Ниязов

    Рауан тұрғын массивінде 100 орындықты «Рауан» жеке балабақша жұмыс жасап тұр (2018 жылы іске қосылған). Онда 100 бала тәрбиеленуде.

    Рауан т/м спорт ойын алаңын салуға – 22,1 млн. теңге, балалар ойын алаңын салуға – 10,7 млн. теңге қаржы қажет етеді. Бюджеттен қаражат күтілуде.

    27.

    Қала бойынша балалар ойын алаңдарын және спорт алаңын салу мәселесі

    2020 жыл

    IV тоқсан

    Ғ. Ниязов

    Осы жылы 9 балалар ойын алаңына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 90 млн. теңге қарастырылды. 6 спорт алаңына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 72,9 млн. теңге қарастырылды. Мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргілуде. Мердігер мекеме анықталғаннан кейін тиісті жұмыстар жасалады.

    28.

    Шағын ауданның ішкі жолдарын ағымдық және шұңқырлы жұмыстарын жүргізу мәселесі

    2020 жыл

    IV тоқсан

    Н. Аққұлов

    Б.Ережепов

    Ғ.Ниязов

    Шағын аудан ішкі жолдарын ағымдық және шұңқырлы жұмыстарын жүргізуіне 2020-2022 жылға бекітілген бюджетте 91,4 млн. теңге қарастырылған (18 900 м²). Мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргілуде. Мердігер мекеме анықталғаннан кейін тиісті жұмыстар жасалады.

    Одан бөлек 2,6,12,26,27 ш/аудандарды толық жөндеу жұмыстары жүргізіледі (тротуар, асфальт, балалар ойын және спорт алаңдары)

    29.

    Үш ауысымды мектептер мәселесін шешу мақсатында жобалық-сметалық құжаттамалары мен жер учаскелері дайын жобаларды жүзеге асыруды қамтамасыз етсін

    2020 жыл

    IV тоқсан

    Қ. Жұмашев

    А. Сейдалиев

    Ғ. Ниязов

    Шығыс-1 ш/а 300 орындықты мектеп құрылысына «Әлеуметтік жол карасы» аясында қаражат бөлініп, Мемлекеттік сатып алу басқармасына 15.04.2020 жылы конкурс өткізуге өтінім жолданды.

    17 ш/а 300 орындық мектептің жобасы дайын қаражат қарастырылған жоқ.

    18,19А,31А ш/а 1200 орындық мектептің жобасы сараптамаға кіргізілді, жобаның комплектациясы қаралуда, шығу уақыты – 20.06.2020 ж.

    16,19 ш/а 1200 орындық мектептің жобасы жасақталуда 31.05.2020 жылы сараптамаға жолданады.

    34 ш/а 900 орындық мектеп құрылысының жұмыстары жүргізілуде осы жылдың қыркүйек айында іске қосылады.

    30.

    Шағынауданішілік жолдарды ағымдағы жөндеу мен қалаішілік жолдарды орташа жөндеу жұмыстарына қажетті қаражат қарастырсын

    2020 жыл

    IV тоқсан

    Ә. Қыраубаев

    М. Альбекова

    Ғ. Ниязов

    2020 жылы қалаішілік №6 автожолға (№21 автожол қиылысынан №9 автожол қиылысына дейін) 32,1 млн. теңге, №21 автожолға (6-автожол қиылысынан 16-қиылысына дейін) орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 69,1 млн. теңге бюджетке ұсыныс жолданды. Аталған жұмыстар Жұмыспен қамту жол картасы-2020 аясында жүргізілуі жоспарланып отыр.

    Шағын аудан ішкі жолдарын ағымдық және шұңқырлы жұмыстарын жүргізуіне 2020-2022 жылға бекітілген бюджетте 91,4 млн. теңге қарастырылған (18 900 м²). Мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргілуде. Мердігер мекеме анықталғаннан кейін тиісті жұмыстар жасалады.

    Одан бөлек 2,6,12,26,27 ш/аудандарды толық жөндеу жұмыстары жүргізіледі (тротуар, асфальт, балалар ойын және спорт алаңдары)

    31.

    Тұрғындардың жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жаяу өткінші жолдарын (пешеход) жарықтандыруға қаражат бөлу мүмкіндігін қарасын

    2020 жыл

    IV тоқсан

    Ә. Қыраубаев

    М. Альбекова

    Ғ. Ниязов

    Қала бойынша жарықтандырылатын 175 жаяу жүргінші өтпелері анықталды, оларды кезек-кезекпен ауыстыру үшін бюджеттен 10 млн. теңге қарастырылды (барлығын толық ауыстыру үшін 144 млн. теңге қажет етеді).

    32.

    Қоғамдық көлікте мүгедектерді (1-топ, 2-топ), көп балалы аналарды, бала жастан 1-ші және 2-ші топ мүгедектерін, Чернобль атом станциясы апатының мүгедектерін, Ақтау қаласының Құрметті азаматтарын тегін жүргізуге субсидияға бюджеттен қажетті қаражат бөлу мүмкіндігін қарасын

    2020 жыл

    IV тоқсан

    Ә. Қыраубаев

    М. Альбекова

    Ғ. Ниязов

    Жергілікті бюджеттен көрсетілген санаттағы азаматтарды тегін тасымалдауға 150 млн. теңге субсидия бөлінді. Барлығы – 9 438 адам.

    1200 адамға тегін жүру карточкасы берілді. Қалғанына төтенше жағдай режимі аяқталған соң беріледі.

    Қаражатты қажет етпейтін іс-шаралар

    33.

    Ақтау қаласының жағажайында үй салу арқылы теңіз жағалауын жауып тастау, соған сәйкес тұрғындарға қолайсыз жағдай туғызу мәселесі

    2020 жыл

    IV тоқсан

    Н.Аққұлов

    Ш.Тәжіғараев

    Ғ.Ниязов

    4А ш/а құрылысын бастағысы келген жаңа көпқабатты тұрғын кешеннің иелері тұрғындармен қоғамдық тыңдаулар өткізді, нәтижесінде қорытнды шешімге келген жоқ, төтенше жағдай режимі аяқталған соң қайтадан тұрғындармен қоғамдық тыңдаулар өткізіледі.

    34.

    Ақтау қаласындағы жол кептелісі мәселесі

    2020 жыл

    IV тоқсан

    Н.Аққұлов

    Б.Ережепов

    Ғ.Ниязов

    Қазіргі уақытта қала жолдарында автокөліктердің қозғалысы барысында жол кептелістері «час-пик» кездерінде туындайды.

    35.

    «Приморский» т/м қазылған жол құрылысын қайта қалпына келтіру мәселесі

    2020 жыл маусым

    Н. Аққұлов

    Ш.Тәжіғараев

    Ғ.Ниязов

    «Шебер құрылыс» ЖШС инженерлік желілер құрылыс монтаж жұмыстарын жүргізуіне байланысты жол құрылысы бұзылған болатын. Бұзылған жол қалпына келтірілді.

    36.

    Өмірзақ ауылына қатынайтын №4, №4М маршруттарды демалыс күндері қатынау мәселесін бақылауға алу

    2020 жыл

    жыл бойы

    Н. Аққұлов

    Б.Ережепов

    Ғ. Ниязов

    Қазіргі таңда Өмірзақ ауылына қатынайтын №4, №4М маршруттары демалыс күндері үздіксіз қатынауда (интервал 1 сағат сайын)

    37.

    «Приморский» т/м жанындағы жиналған көлді жою мәселесі

    2020 жыл

    наурыз

    Б. Қашақов

    Д.Құсбеков

    Ғ. Ниязов

    «Приморский» т/м жанындағы жиналған көлді жою бойынша толықтай құм төселіп, қоқыстары алынып, жұмыстар атқарылды.

    38.

    «Приозерный» т/м аумағындағы «Оймаша» сорындағы суды зерттеп, қажетті мекемелерден қорытындысын алу бойынша ұсыныс беру

    2020 жыл

    IV тоқсан

    Б. Қашақов

    Д.Құсбеков

    Ғ. Ниязов

    «Оймаша» сорындағы суды зерттеу үшін Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына хат жолдануда.

    39.

    «Ақжүніс» көпбалалы қоғамның мүшелеріне жиналатын бөлме тауып беру мәселесі

    2020 жыл

    IV тоқсан

    Қ. Жұмашев

    Ғ. Ниязов

    «Ақжүніс» көпбалалы қоғамның мүшелеріне Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығынан жиналуға бөлме берілді.

    40.

    Есту, сөйлеу қабілеті жоқ мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру мәселесі

    2020 жыл

    IV тоқсан

    Қ. Жұмашев

    Ж.Досполова

    Ғ. Ниязов

    Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкелері ұйымдастырылып, өткізіліп отыр.

    41.

    ДЦП-мен ауыратын балаларды жекеменшік емес мемлекеттік оңалту орталығы арқылы емдеу үшін орталықтарды салу мәселесі бойынша денсаулық сақтау басқармасына ұсыныс жолдау

    2020 жыл

    наурыз

    Қ. Жұмашев

    Ә. Сағымбаев

    Ғ. Ниязов

    Ақтау қаласында орналасқан алайда, Маңғыстау облысының білім басқармасына қарасты «Есту қабілеті бұзылған, психикалық дамуы тежелген және сөйлеу тілінде ауыр бұзылыстары бар балаларға арналған №4 арнайы балабақша (185 бала тәрбиеленуде); «Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы балабақшасы» (128 бала тәрбиеленуде); «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған облыстық мектеп интернатында» (176 бала тәрбиеленуде); «Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясында» (6175 бала тіркелген).

    Одан бөлек, халыққа тегін кепілді медициналық көмек көрсету көлемі шеңберінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде оңалту (реабилитация) қызметі ұйымдастырылған, олар: Нейрон (40 орын), Сенім (15 орын), Ерме Мед (15 орын) медициналық орталықтарында тәулік бойынша жатып емделетін стационар, АҚЕ-1, АҚЕ-2, Софи-Мед, Ясин Медикер Каспий орталықтарында күндізгі стационар оңалту қызметін көрсетеді. Оңалту орталықтарында науқастар тегін қызмет алады.

    42.

    Шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту мақсатында кәсіпкерлерге одан әрі қолдау көрсетілсін, кәсіпкерлік жобалар әрдайым сүйемелденсін, кәсіп ашуға ниет білдірген азаматтарға жер бөлу мәселесіне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалары аясында бекітілген Бас жоспарға сәйкес аукциондар мен конкурстар жиі ұйымдастырылсын

    2020 жыл

    Ғ. Ниязов

    2020ж. қала бойынша 2 рет аукцион өткізіліп, жалпы көлемі 6,2590 гектар құрайтын 9 жер учаскесі 308 768 376 теңгеге (кадастрлық бағасы – 144 860 692 теңге) бюджет кірісіне түсті.

    Өз кезегінде, жаңа шағын аудандарда инфрақұрылымдардың болмауына байланысты, жер учаскелерді сауда-саттыққа шығару мүмкіндігі болмауына байланысты, бүгінде тек қана автобус аялдамаларына мобильді павильондар, сондай-ақ билбордтар орналастыру үшін жер учаскелерді сауда-саттыққа (аукцион) шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

    Демеушілер қаржысы есебінен

    43.

    Ақтау қаласында велотұрақтар салу мәселесі

    2020 жыл

    IV тоқсан

    Н.Аққұлов

    Б.Ережепов

    Ғ.Ниязов

    Велотұрақтар салу мәселесі қарастырылуда. Қала тұрғындарына теңіз жағалауында велосипед айдайтын арнайы белгіленген жолақтар бар.

    44.

    Шығыс-1,2,3 ш/а мектеп салу мәселесі

    2020 жыл

    IV тоқсан

    Қ. Жұмашев

    А.Сейдалиев

    Ғ. Ниязов

    Шығыс-1 ш/а 300 орындықты мектеп құрылысына «Әлеуметтік жол карасы» аясында қаражат бөлініп, Мемлекеттік сатып алу басқармасына 15.04.2020 жылы конкурс өткізуге өтінім жолданды.

    45.

    Қаладағы Жаңаөзен, Ақшұқыр, Тельман, Шетпе бағытындағы таксилерді бір жерге шоғырландыру мәселесі

    2020 жыл

    IV тоқсан

    Н. Аққұлов

    Б.Ережепов

    Ғ. Ниязов

    29А ш/а «Нұр Плаза» қонақ үйі жанындағы «Ақтау қалалық жолаушылыр көлігі және автомобиль жолдары көлігі» ММ-сі теңгеріміндегі 2,1 га құрайтын жерге такси тұрағын салуға қазіргі таңда инвесторлар тарту жұмыстары жүргізілуде.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.