
Елімізде коронавирус індетінің алдын алу, аз қамтылған отбасыларға көмектесу үшін Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н. Назарбаевтың бастамасымен «Birgemiz» республикалық қоғамдық қоры құрылған болатын. Қорға еліміздегі ірі кәсіпкерлер, ауқатты азаматтар, жетекші компаниялар қолдау білдірген.
⠀
«Birgemiz» қоғамдық қоры арқылы республика бойынша облыс орталықтары мен тұрғын саны көп жалпы 23 қаланың бірінші транш бойынша 150 мыңнан астам, ал екінші транш бойынша 210 мыңнан астам тұрғынына 50 мың теңгеден берілсе, бұл тізімде Түркістан облысынан Түркістан қаласы енгізілген.
⠀
Тиісті министрлік пен қала әкімдігіндегі база бойынша Түркістан қаласынан жоғарыдағы санатқа жататын екі траншпен, бастапқыда 4903 тұрғын, ал кеше, 27 сәуір күні 5168 тұрғын анықталып, жалпы саны 10071 азаматқа көмек көрсетілді.
⠀
Аталған қордан көмек алушылар ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бекіткен жеті санатқа бөлінді:
1. Аз қамтылған көп балалы отбасылар;
2. I топтағы мүгедектер;
3. Мүгедек бала күтімімен отырған адамдар;
4. Зейнеткерлер (ең төменгі және төмен зейнетақы алатындар);
5. Жетім балалар және 1 асыраушысынан айрылған жетім балалар;
6. ҰОС мүгедектері және оларға теңестірілгендер;
7. Тыл еңбеккерлері.
⠀
ЕГЕР СІЗ ТІЗІМДЕ ЖОҚ БОЛСАҢЫЗ:
⛔ Онда сізден де жағдайы төмен тұрғынның БАРЫН БІЛІҢІЗ.
⛔ Сізге қарағанда бір отбасында көпбалалы әрі мүмкіндігі шектеулі перзент тәрбиелеп отырған отбасы бар екенін БІЛІҢІЗ.
⛔ Сізге қарағанда ішер ас, киер киімге мұқтаж, оның үстіне ет жақын ешкімі жоқ басқа азаматтың барын БІЛІҢІЗ.
⛔ Егер сіз, «Қор қаржысынан қалыс қалдым!» десеңіз, демек, сізден де мұқтаж басқа бір отбасыға көмек барды деген сөз.
⛔ Егер сіз көмекқаржы алмаған болсаңыз, онда сіз жататын санаттағы, бірақ сізге қарағанда (сізбен салыстырмалы түрде сараптаудан өткен) өзге зәру отбасына ақша аударылды деген сөз.
⠀
Оған қоса әлеуметтік көмектің шын мұқтаждарға жетуі үшін арнайы комиссиялар жасақталған. Қызметкерлер жергілікті депутаттармен, белсенділермен бірге үйлерді аралап, тексеру арқылы бірқатар тұрғынның өтініші қанағаттандырылса, бірқатары кері қайтарылған.
@nurotan_turkistan_oblysy


