Қадірлі аудандық «Науырзым тынысы» газет ұжымы!

    Қадірлі аудандық «Науырзым тынысы» газет ұжымы!

    Сіздерді мерейлі мерекелеріңіз — аудандық «Науырзым тынысы» газетінің жарыққа шыққанына 55 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын.

    «Науырзым тынысы» газеті — еліміздегі өзіндік өрелі тарихы бар, бағыт-бағдары айқындалған, қалың оқырманы қалыптасқан беделді басылым.

    Өткен ғасырда «Восход» атты газеттен бастау алған басылым осынау жылдар ішінде қызығы мен қиындығы мол үлкен жолдан өтті. Газет «Жазира»,«Жазира-Восход»,«Науырзым»,«Науырзым келбеті» атауымен шыққан, әр жылдары науырзымдықтардың ел ырысын молайту жолындағы ерен еңбегін насихаттап, көпшілік оқырманға жеткізіп отырды. Науырзым ауданының жасампаз істерге толы шежіресін жазуға «Науырзым тынысы» газеті зор еңбек сіңірді. Қай кезеңде қызмет етсе де,уақыттың өз талабына сай өңірдің толымды өзгерістерін паш етіп, өлкенің жылнамасын жасауға сүбелі үлес қосты.

    Газет ұжымы қарапайым халықтың мұң-мұқтажын жоқтап, ар-намысын қорғады, олардың әлеуметтік мәселелерін батыл көтеріп келеді.

    Қазіргі таңда газет тәуелсіздік аясында өркендеген Қазақ елінің іргелі өңірі Науырзым ауданының келешегі зор, берекесі мол бүгіні мен ертеңін жаңа қырынан жазып келеді.

    Поздравляю коллектив районной газеты «Науырзым тынысы со знаменательной датой – 55-летием со дня выхода в свет первого номера!

    Районная газета «Науырзым тынысы» сегодня является неотъемлемой частью общественно-политической, культурной, духовной жизни нашего района, официальным рупором и проводником политики Республики Казахстан.

    Сегодня вы активно освещаете процесс укрепления нашей Независимости, социально-политические и экономические реформы, культурную жизнь страны. На страницах газеты идет заинтересованное обсуждение инициатив, направленных на дальнейшую модернизацию общества.

    Отрадно видеть, что вы идете в ногу со временем, активно работая в интернет-пространстве и открывая для себя возможности мультимедийных технологий с целью обеспечения оперативной связи с читателями.

    Желаю коллективу благополучия, успехов в реализации всех творческих планов!

    Құрметті газет ұжымы!

    Кәсіптеріңізге өрлеу, шығармашылықтарыңызға сәттілік, еңбектеріңізге табыс тілеймін!Қаламдарыңызға қызықты тақырыптар ілінсін, ал сіздердің жарияланымдарыңыздағы әр сөз адамдарды жақсылық жасауға, жарық әлемді нұрландыруға жетелесін!

    Науырзым ауданының әкімі Т.Карбозов

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.