
Нарықта тұтынулатын таурлардың санымен бірге сәйкесінше олар туралы ақпараттар біруақытта өзгеруде. Тұтынушылар тауардың неден жасалынған, оның құрамына не кіретінін, құрамында аллергендер немесе қауіпті заттар бар ма, соны нақты білгісі келеді.
Таңбалау – тұтынушыға арналған ақпаратты жеткізетін және өнімге, құжаттарға, жаднамаларға (қосымша парақтарға), затбелгіліерге, заттаңбаларға, орауышқа (ыдысқа) түсірілген мәтін, таурлық белгілір, шарттық белгі және суреттер.
Кез келген отандық, импорттық, сонымен қоса Еуразиялық экономикалық одақ ауданында өндірілген, Қазақстан Республикасында аумағында айналымға шығарылатын өнімдердің міндетті ақпараттар көлемі 2016 жылғы 15 қазандағы Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрінің № 724 бұйрығымен бекітілген «Өнімдердің зат таңбалануына қойылатын талаптар» Қазақстан Республикасы техникалық регламенті талаптар орнатады.
Өндіруші (сатушы) өнімді айналымға шығарудын алдында толық, қажет, түсінікті мағынасы түсінікті және дәйекті ақпаратпен қамтамасыз ету міндетті.
Өнімдердің зат таңбалануы стандарттар талаптарына сәйкес болуы қажет. Егер қаптамада ұлттық стандаттар (ҚР СТ) немесе мемлекет аралық стандарттар (ГОСТ) көрсетілсе, ондай өнімдердің сапасы сенімділік ұялатады.
Тауардың зат таңбалануына қойылатын жалпы талаптар:
- Мәліметтің дұрыстығы: олар өндірушіге, шығырылған елге тауардың саны мен сапасына қатысты тұтынушыларды жанылыстырмауы қажет;
- Қолжетілімділік: ақпарат мемлекеттік және орыс тілінде болуы қажет, ақпарат түсінікті және онда қолданылған терминдер мен анықтамалар түсіндірмені қажет етпейтіндей болуы тиіс;
- Ақпараттың жеткіліктілігі: зат таңбалану толық болуы емес қажет, бірақ та артық ақпарат тұтынушыға қызық емес пайдасыз мәліметтер қамтуы мүмкін;
Зат таңбалануда нақты мәтін және түрі әдемі рәсімделуі қажет.
Құрамы, қасиеті, қолданылуы, өндіруші және (немесе) жеткізуші, сақтау шарты, тасымалдауы, қолдануы, жаратылуы, өндіру және қолдану әдісі, шығарылған мерзімі, энергия тұтыну (энергия тұтынатын жабдықтар үшін), тауардың шығу тегі, жарамдылық мерзімі, массасы, көлемі туралы ақпарат, сондай-ақ өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін тікелей немесе жанама сипаттайтын басқа тұтынушыларға дұрыс таңдау жасауға мүмкіндік беретін және тұтынушыны адастырмайтын болуы тиіс.
Өнімді сатып алғанда, ең алдымен, тұтынушыға керекті тауарлық ақпарат кешені ұсынатын таңбалауға назар аудару қажет. Ақпаратты таңбалау функциясы негізгі болып табылады. Бұдан басқа таңбалау тауарларды анықтауға арналған, сонымен қатар сатып алушы арасында оң эмоциялар тудырып, оларды тауарларды сатып алу туралы шешім қабылдауға ынталандыруы тиіс.
Зат таңбалану өндірістік және саудалық болып бөлінеді. Өндірістік зат таңбалану тауар құлақшасында, қосымшада, жапсырмада бақылау мен лентасында және т.б. орналастыруы мүмкін. Тауар зат таңбалануы баға көрсеткішінде кассалық чекте, қаптамалық пакетте және т.б. көрсетілуы мүмкін. Өндірістік зат таңбалануды жалпы мағлұмат немесе ақпарттық белгілір болуы мүмкін. Ақпараттық белгілерге тауар белігісі сәйкестік немесе сапа белгісі манипуляциялық ескертпе көлем белгілері тауардың шыққан орнының атауы белгісі, тасмалдану және экологиялық белгілер жатады.
Негізгі тұтынушылық құрамы (салмақ, көлем, құрам, тағамдық қоспаларды қоса алғанда), өндіруші туралы мәлімет, сақтау шарты
Тағамдық өнімдердің зат таңбалануы келесі ақпараттарды қамтуы тиіс:
- өнімнің атауы;
- өндіруші туралы мәлімет, сонын ішінде тауардың шыққан орны мен елі;
- тауар сәйкес келетін стандарттар;
- сертификаттау туралы ақпарттар;
- өнімнің өндірілген және қапталған (өлшемдеу) күні;
- өнімнің жарамдылық және сақтау мерзімі;
- негізгі тұтынушылық қасиеттері (массасы, көлемі, құрамы, тағамдық қоспаларды қоса алғанда);
- тағамдық құндылығы (калория);
- негізгі тағамдық құндылығы;
- қолданудағы кері әсерлері;
- дайындаудың, сақтаудың әдістері мен шарттары (өнімдердің жекелеген түрлеріне);
- өндірушінің тауар белгісі (бар болған жағдайда);
- тауарларды басқа елде өндірілетін болса, өнімнің сапасы бойынша тұтынушылардың шағымдарын қабылдайтын Қазақстан Республиккасының аумағындағы ұйымдар туралы ақпарат.
Әрине, қазіргі таңда барлық талаптарға сәйкес келмейтін таурлар сатылған жағдайлар кездеседі. Өнімдердің жекелеген түрлері айналымға түседі, өнімге нарыққа шығудың ағымдағы тәртібін айналып өтіп, бұл азаматтардың өмірі мен денсаулығына елеулі зиян келтіреді, жалған немесе жалған өнімдер туралы айтылмайды. Сондықтан, өндіруші немесе жеткізушінің нарыққа жеткізілетін тауарлардың сапасына және тұтынушылардың құқықтарын қорғауға жауапкершілігін күшейту мақсатында тұтынушыларды хабардар ету және тауарларды белгілеу қажет.



