2025 жылға Мемлекеттік қызметтер көрсету
мәселелері бойынша ақпарат
Ұлытау облысының жергілікті мемлекеттік органдарымен мемлекеттік реестрге енгізілген мемлекеттік қызметтердің 175 түрі көрсетіледі. 2025 жылы 2540573 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
қызмет берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз нысанында көрсетілгендері, барлығы - 465940
"қызмет берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз нысанында көрсетілген, бірақ «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін болғандар, барлығы" – 7488
қызмет берушінің ақпараттық жүйелері арқылы тікелей байланыссыз – 2040881
қызмет берушінің ақпараттық жүйелері арқылы тікелей байланыспен – 22664
2025 жылы 35 бақылау іс-шарасы өткізілді, оның ішінде;
бақылау іс-шараларының бекітілген жылдық жоспарына сәйкес – 31;
мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасының мониторингі нәтижелері бойынша – 4;
Бақылау іс-шаралары объектілерінің саны, барлығы 45, оның ішінде:
Жергілікті атқарушы органдар – 15;
ведомстволық бағынысты ұйымдар -30.
Тексеру кезінде мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнама талаптарын сақтау бойынша 2829 бұзушылық анықталды.
Тексерудің нысаны мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманың сақталу мәселелері болып табылады. Тексеру кезінде мемлекеттік органмен бақылау іс-шарасын өткізу нәтижелері туралы тиісті актілер мен ұсыныстар берілді.
Сонымен бірге, мемлекеттік органдарда «электрондық үкімет» Egov.kz порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алуда практикалық көмек көрсету үшін 43 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.
Жалпы, 2025 жылы аудандар/қалалар әкімдері аппараттарының Мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу және ақпараттық технологиялар бөлімдерімен жалпы саны 3500-ге жуық адамды қамтитын 250 түсіндіру іс-шарасы (семинарлар, лекциялар, дөңгелек үстелдер, брифингтер, мемлекеттік қызметтер жәрмеңкелері, акциялар және т.б.) ұйымдастырылып, өткізілді, 15000 мыңнан астам брошюра таратылды, оның ішінде қызмет алушылардың құқықтарын түсіндіру бойынша 6250 мың, электрондық қызметтерді танымал ету бойынша 8750 мың, «Елге қызмет» телебағдарламасы – 5, БАҚ-тағы жарияланымдар – 156 (әлеуметтік желілерде). Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы – 36500 қызмет (анықтамалар мен ЭЦҚ) берілді.
57 мемлекеттік қызметші біліктілікті арттыру курстарынан өтті.


