«Сәукеле–2025» жобасы аясында Гиннес рекордтар кітабының арнайы төсбелгісі табысталды.

    «Сәукеле–2025» жобасы аясында Гиннес рекордтар кітабының арнайы төсбелгісі табысталды.
    «Сәукеле–2025» республикалық жобасының жүзеге асуына белсенді қатысып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және жобаның халықаралық деңгейде танылуына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтар Гиннес рекордтар кітабының арнайы төсбелгісімен марапатталды.
    Гиннес рекордын орнатуға атсалысып, арнайы төсбелгі иегері атанғандар қатарында Азенова Шырынкүл, Абдуллаева Таңшолпан, Ақтаева Гүлмира, Балтабай Қалзейнет және Турабаева Құттықыз бар.
    Осыған орай аудан әкімі Арман Қарсыбаев марапат иелерін арнайы қабылдап, Гиннес рекордтар кітабының төсбелгілерін салтанатты түрде табыстап, олардың ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрді насихаттау жолындағы еңбектеріне ризашылығын білдірді.
    Аудан басшысы өз сөзінде ұлттық мұраны ұлықтауға бағытталған мұндай бастамалардың жас ұрпақ тәрбиесінде ерекше маңызға ие екенін атап өтіп, жобаға қатысушылардың еңбегі қазақ халқының мәдени құндылықтарын әлемдік деңгейде танытуға үлкен үлес қосқанын жеткізді.
    «Сәукеле–2025» жобасы қазақ халқының бай тарихи-мәдени мұрасын дәріптеуге, ұлттық киім мен салт-дәстүрдің маңызын кеңінен насихаттауға бағытталған маңызды бастама ретінде ел тарихында өзіндік орын алды. Гиннес рекордтар кітабының арнайы төсбелгісімен марапатталған азаматтардың жетістігі – ұлттық құндылықтарды сақтау мен дамыту жолындағы қажырлы еңбектің және қоғамдық белсенділіктің айқын көрінісі.
    Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.