
Шымкент қаласында кіші жасөспірімдер арасында өткен «Shymkent Wrestling League» еркін күрес жарысында Сайрам ауданының спортшылары жоғары нәтиже көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша:
41 кг – Тұрар Жарас — I орын
48 кг – Абдужаппаров Амирхан — I орын
57 кг – Дәулетбек Жасқайрат — I орын
35 кг – Абдумәулен Айбатыр — III орын
+85 кг – Маматкаримов Абдуллох — III орын
Жас спортшыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да ел намысын абыроймен қорғап, биік белестерді бағындыра берулеріне тілектеспіз.
Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі



