Аумақтық сайлау комиссиялары жанынан құрылған жас сайлаушылар клубының отырысы өткізілді

    Аумақтық сайлау комиссиялары жанынан құрылған жас сайлаушылар клубының отырысы өткізілді

    2026 жылғы 4 маусым күні аумақтық сайлау комиссиялары жанынан құрылған жас сайлаушылар клубының отырысы өткізілді.

    Жиынға аумақтық сайлау комиссиялары төрағаларының орынбасарлары мен жас сайлаушылар клубтарының төрағалары қатысты.

    Бейнеконференцбайланыс арқылы өткен отырыста Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Т. Жамалов төрағалық етіп, отырыстың күн тәртібімен таныстырды.

    Күн тәртібіне сәйкес Қордай, Сарысу аудандарындағы жас сайлаушылар клубтарының 2026 жылдың бірінші тоқсанында атқарған жұмыстарының есептері тыңдалды. Сонымен қатар, облыстық сайлау комиссиясы жанындағы жас сайлаушылар клубының төрағасы А. Қадралиев Қызылорда облысында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ұйымдастырумен өткен көшпелі семинарға қатысу нәтижесінде жинақтаған тәжірибесімен бөлісті.

    Жиын соңында бірлескен жылдық жоспарға сәйкес өткізілетін іс-шаралардың сапалы орындалуы талқыланып, жас сайлаушылар клубтарының жұмысын одан әрі жандандыру бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.