Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде радикализм, экстремизм және терроризм профилактикасы

    Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде радикализм, экстремизм және терроризм профилактикасы

    Діни экстремизм мен радикалды идеология профилактикасы, сондай-ақ қоғамдық қауіпсізді нығайту мақсатында Шымкент қаласының Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының қызметкерлерімен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
    Іс-шара барысында конфессияаралық келісімді сақтау, радикалды діни ағымдардың таралуына жол бермеу, сондай-ақ ақпараттық кеңістікте экстремизм мен терроризм идеологиясына қарсы іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды.
    Кездесуде теолог радикалды ұйымдардың белгілері, олардың психологиялық ықпал ету тәсілдері, интернет ресурстары мен әлеуметтік желілер арқылы жүргізілетін үгіт-насихат және арбау әдістерін түсіндірді.
    Іс-шара аясында қатысушыларға ақпараттық және рухани қауіпсіздікті сақтау, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін қалыптастырудың маңыздылығы, діни иммунитет қалыптастыру, сондай-ақ радикализм мен экстремизм идеологиясының кез-келген көріністеріне төзбеушілік танытудың маңыздылығы түсіндірілді.
    Осы тұрғыдағы профилактикалық іс-шаралар қоғамдық келісімді нығайтуға, ел ішіндегі тұрақтылықты сақтауға және ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерлердің алдын алуға бағытталған.

    Материал Шымкент қ. ТҚК
    ақпараты негізінде дайындалды

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.