Арыс қаласы тұрғындарының көшірілгендігі туралы ақпарат

    Арыс қаласы тұрғындарының көшірілгендігі туралы ақпарат
    2019 жылғы 26 маусымдағы сағат 9.00-дегі қауырт желі бойынша еліміздің барлық өнірлерінен, жақын және алыс шет елдерден 50000 аса қоңырау келіп түсті. Қауырт желі бойынша адамдар Арыс қаласының тұрғындарына ізгілік көмек көрсету туралы хабарласуда. Ең жиі қойылатын сұрақтар – бұл туыстарын іздестіру, темір жолдың жұмысы, автокөлік жолдардың қозғалысы.
    Қалада 42 эвакуациялық пункт жұмыс істеп тұр. Арыс қаласынан келген 4886 адам, оның ішінде 2428 жас бала эвакопункттерде орналастырылды. Көптеген тұрғындарды туыстары алып кетуде. Жалпы Шымкентте 20371 адам тіркелген.
    «Ақ мешіт» мешітінде Өрт сөндіру қызметінің мамандары Арыс қаласының жоғалған тұрғындарын есепке алуда. Жоғалған туыстарын іздестіруге, оларды Шымкент қаласына жеткізуге көмек көрсетуде.
    39 4imkent Arys 2 39 4imkent Arys 2
    Шымкент қ. ТЖД
    ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы
    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.