Роза Бағлановаға арналған мурал салынды

    Роза Бағлановаға арналған мурал салынды

    Алматы қаласының Медеу ауданындағы Самал-3 шағын ауданы, 21-үйдің қасбетінде КСРО Халық әртісі, аты аңызға айналған әнші Роза Бағланованың бейнесі мурал болып салынды.

    Мурал тұрғындардың әкімдікке жолдаған өтініші негізінде жүзеге асырылды. Осыдан кейін көркем нысанды салу жұмыстары ұйымдастырылды. Жоба маңыздылығы да Роза Бағланованың осы үйде тұрғандығында. Ғимарат қасбеті ұлы өнер иесіне деген құрмет пен тағзымның нышанына айналды.

    Жобаны дайындау және жүзеге асыруға Роза Бағланованың келіні Марал Бағланова да қатысты. Ол атқарылған жұмыстарға жоғары бағасын беріп, жоба авторларына алғысын жеткізді.

    Ендігі Халық әртісінің бейнесі халық жадында ғана емес, Алматы қаласының сәулетінде де мәңгіге көрініс тапты.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.